From Wikipedia, the free encyclopedia
Адмирал (нидер. admіraal, араб.: أمير البحر – теңіз әміршісі)[1] — әскери-теңіз флотында жоғары дәрежедегі офицерлерге берілетін әскери шен.[2]
Еуропа елдерінде XII ғасырда теңіз ұрыстарында адмирал — негізгі әскер күштерді (кордебаталия), вице адмирал — алдыңғы шепті (авангард), контр-адмирал — қорғаныс күштерін басқарды. 1706 жылы І Пётр Ресей империясында 4 түрлі адмирал атағын енгізді: генерал адмирал (құрлықтағы әскери күштердің генерал-фельдмаршал дәрежесіне сәйкес), адмирал (толық дәрежелі генерал), вице адмирал (генерал-лейтенант) және контр адмирал (генерал-майор). Адмиралдық атақ Кеңестік ӘТФ-ында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1940 жылғы 7 мамырдағы қаулысымен еніп, бекітілді. 1955 жылғы 3 наурыз, 1962 жылғы 28 көкек және 1971 жылы 18 ақпандағы қаулылар негізінде енгізілген қосымшалар мен нақтылауларға сәйкес адмирал атағының 5 түрлі дәрежесі болды: контр адмирал, вице адмирал, адмирал, флот адмиралы және Кеңестер Одағы флотының адмиралы, сонымен қатар инженерлік кеме құрамы үшін контр-адмирал-инженер, вице адмирал-инженер және адмирал-инженер. Кеңестік ӘТФ құрамында: Владимирский Л.А., вице-адмирал Усатов М.А., контр-адмиралдар Хорошкин Б.В. мен Порошин В.А. сияқты қазақстандықтар болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.