![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ee/Twilmakayame-20220718-0001.jpg/640px-Twilmakayame-20220718-0001.jpg&w=640&q=50)
Капауку
From Wikipedia, the free encyclopedia
Капауку (өз атауы; мэ, экаги, экари, тиги)[1] — Индонезияда тұратын папуас халқы.[2] Жалпы саны 140 мыңнан астам адам. (2008).[3]
Тілі
Капауку | |
мэ, экаги, экари, тиги | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
140 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
экаги тілі | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, протестантизм |
Тілі - экаги тілі (капауку).[4]
Діні
Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бөлігі – протестанттар (перфекционистер).[5]
Кәсібі
Тау аңғарларының тұратын капаукулар қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады (ямс, таро, банан, қант қамысы, бау-бақша дақылдары, соңғы кезде маниок пен темекі), шошқа өсіреді. Сонымен қатар аңшылық пен терушілікте бар.
1950 жылдардың ортасына дейін капаукулар металды, тоқуды, керамика өнерін білмеген. Негізгі дәстүрлі құралдары – неолит типіндегі тас балталар, қазатын таяқтар, шақпақ қашаулар, сүйек инелері, қарулары – садақ болды. Балық аулауға арналған тор, жүк тасуға арналған құралдар және т.б. дамыды.[6]
Өмір салты
Капаукулер тотемдік патрилинейлік руға бөлінеді. Неке патрилокалды. Бірнеше қауымдастықтар конфедерациялар құрады, бұрын жиі ішкі соғыс жүргізген. Көшбасшылық бейресми, байлықпен (шошқа санымен) және шешендік қабілеттермен анықталады.
Елді мекен шашыраңқы орналасқан. Үйлері ағаштан жасалған, төртбұрышты, бір бөлмелі.
Ерлер тек фалокрипті (жыныс мүшесін жауып тұратын қаптама) киеді, әйелдер жалаңаш жүреді.
Негізгі тағамдары - қайнатылған тамыр көкөністері мен түйнектер, мереке күндері шошқа еті.[6]
Дереккөздер
- Современная энциклопедия Капауку https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/201138-kapauku/
- Современная энциклопедия https://rus-modern-enc.slovaronline.com/4789-%D0%9A%D0%90%D0%9F%D0%90%D0%A3%D0%9A%D0%A3
- Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/2042768 Мұрағатталған 25 сәуірдің 2018 жылы.
- Современная энциклопедия - капауку http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/kapauku
- Толковый словарь русского языка https://sanstv.ru/dict/%D0%BA%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D1%83%D0%BA%D1%83
- народы мира / Капауку http://www.etnolog.ru/people.php?id=KAPA