Индонезия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Индонезия (индон. Indonesia), ресми атауы — Индонезия Республикасы (индон. Republik Indonesia) — Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып табылады. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Аустралия құрлықтарының арасында көпір болуда. Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. шаршы шақырым. Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандуң, Медан, Семараң. Ресми тілі: индонезия тілі, сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Валютасы: индонезиялық рупия, 1 АҚШ доллары шамамен 14000 Индонезиялық рупия тұрады. Ұлттық мейрамы: 17 тамыз (тәуелсіздік жарияланған күн, 1945 ж.).
Бұл мақалада еш дереккөз келтірілмеген немесе дереккөздер жеткіліксіз. Дереккөз келтіру арқылы бұл мақаланың сапасын көтеруге көмек етіңіз. Еш дереккөзге негізделмеген мағлұмат жойылу мүмкін. |
Индонезия Республикасы Republik Indonesia | |||||
| |||||
Ұран: «Bhinneka Tunggal Ika» | |||||
Әнұран: «Indonesia Raya» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 17 тамыз 1945 жыл (жарияланды) 27 желтоқсан 1949 жыл (мойындалды) (Нидерландтан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | индонезия тілі | ||||
Елорда | Джакарта | ||||
Ірі қалалары | Джакарта, Сурабая, Бандунг, Бекаси, Медан, Тангеранг, Депок, Семаранг, Палембанг, Макасар, Тангеранг-Селатан, Маланг, Суракарта | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Джоко Видодо Мааруф Амин | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 14-ші орын 1 904 569[1] км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
261 115 456 адам (4-ші) 237 641 326[2] адам 138 адам/км² (88-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
3,740 трлн.[3] $ (7-ші) ▲ 14,020 $ (89-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,100 трлн. $ (16-шы) 4,120 $ (106-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,694[4] (орташа) (116-шы) | ||||
Валютасы | Индонезия рупиясы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .id | ||||
ISO коды | ID | ||||
ХОК коды | INA | ||||
Телефон коды | +62 | ||||
Уақыт белдеулері | +7…+9 |