From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңа Гвинея (индонезияша Papua, ағылш. New Guinea) — Тынық мұхиттың батысындағы арал. Меланезия топаралына кіреді. Үлкендігі жағынан Жер шарындағы Гренландиядан кейінгі екінші арал. Ауданы 829 мың км² . Австралиядан Торрес бұғазы бөліп тұр.
Жаңа Гвинея индон. Pulau Irian, ағылш. New Guinea, тпи. Niugini | |
Жаңа Гвинея саяси бөлінуі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 786 000 км² |
Ең биік нүктесі | 4884 м |
Тұрғындар (2010 жыл) | 9 500 000 адам |
Халық тығыздығы | 12,087 адам/км² |
Орналасуы | |
5°19′ о. е. 141°36′ ш. б.5.317° о. е. 141.600° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Елдер | Индонезия Папуа — Жаңа Гвинея |
Аймақтар | Батыс Папуа, Папуа, Момасе, Папуа, Хайлендс |
Жаңа Гвинея Ортаққорда |
Аралдың орталық бөлігінде батыстан шығысқа қарай Орталық таулар созылып жатыр (абсолютiк биіктігі 5030 м, Джая тауы), ал солт-нде Жағалаулық таулар (абсолютiк биіктігі 4103 м, Бангета тауы) орналасқан. Оңтүстік бөлігі ойпатты кең жазық, абсолюттік биіктігі 100 м-ден аспайды, оңтүстік-батысы — батпақты. Солтүстік жартысының климаты — экваторлық, оңтүстігінде — субэкваторлық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 1000 мм, таулы аймақтарда 4000 мм-ге дейін жетеді. Биікт. 4000 м-ден асатын тауларда мұздықтар қалыптасқан. Өзендері ұзын, суы мол (Мамберамо, Сепик, Дигул, Флай), кеме жүзуге қолайлы. Ылғалды тропиктік орман өседі. Оңт-нде саванна кездеседі. Ормандарда папоротник, лавр, мирта, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлары — кенгуру, қалталы борсық, крокодил. Аралдың батыс бөлігі Индонезияның территориясына (Батыс Ириан), шығысы Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің территориясына енеді. Аралдың тұрғылықты халқы — папуастар мен меланезиялықтар. Негізгі кәсібі — егіншілік. Негізінен, батат, жүгері өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе, каучук гевеясы плантациялары бар. Мұнай, күміс, алтын, көмір өндіріледі. Балық аулау кәсібі дамыған. Ірі қалалары: Порт-Морсби, Маданг (Папуа — Жаңа Гвинея), Соронг, Джаяпура (Индонезия). Жаңа Гвинея аралында европалықтардан алғаш рет 16 ғ-дың 1-жартысында португал саяхатшылары болып қайтты. Аралды орыс ғалымы Н.Н. Миклухо-Маклай (1846 — 1888) зерттеген.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.