From Wikipedia, the free encyclopedia
Италақаз (лат. Tadorna tadorna) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құс.
Италақаз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кежек
Мекиен
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Tadorna tadorna (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Ареал
(сары: жазда, көк: қыста, жасыл: жыл бойы) |
Италақаз Батыс Еуропа жағалауларынан бастап Моңғолия, Солтүстік Қытайға дейінгі аралықта, Қазақстанның барлық оңтүстік аймақтарындағы тұзды, сортаңды су айдындарында таралған. Италақаз республикамыздағы далалы, шөлейтті аймақтарда да тіршілік етеді. Кейбір жылдары Келес, Арыс өзендерінің Сырдарияға қосылатын жерлерін қыстап та шығады.
Денесінің ұзындығы 63 см, қанатын жайғанда ұзындығы 110 см, қанатының ұзындығы 36 см, құйрығы 12 см, салм. 1,5 кг-дай. Басы және мойны жылтырақ қою жасыл түсті, бүйірінде қара дағы болады. Қауырсындарының түсі қара ала және онда сарыала жолақтары болады, бауыры ақ түсті, тұмсығы қызыл, жоғары қарай едәуір иіліп келген. Суда жақсы жүзеді.
Италақаз — жыл құсы. Қазақстанға ақпанның ортасында ұшып келіп, жұп құрып тіршілік етеді. Ұясын жердегі қуыстарға, кейбір сүтқоректілердің ініне, ескі қыстауларға салады. Ұясындағы 8 — 10 жұмыртқаны мекиені 30 күндей басады. Италақаз су шаяндарымен, моллюскалармен, кейде судағы балдырлармен қоректенеді. Әуесқойлық мақсатта ауланады. Мамығының кәсіптік маңызы бар. Солтүстік теңіз бен Жерорта теңізінің жағалауын, Оңт.-Шығыс Азия жерін қыстайды.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.