Ғұлама (араб.: علماء‎ — ғұлама́, жекеше — араб.: عالم‎ — әлім-қаз. ғалым; қаз. «білгірлер», «даналар») – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған.[1] Ғұлама(лар) медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында ғұламалар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иелері. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мысалы, әл-Фараби, Абай, Қ.И.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, ғұлама деп атайды.[2] ISBN 5-89800-123-9[3]

Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
Усул әл-фиқһ

(Фиқһ негіздері)

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.