Шытыр немесе ащы (зәрлі) сарғалдақ (лат. Ranunculus аcris) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын сарғалдақ тегінің, көп жылдық, шөп тектес өсімдік[1].

Quick Facts Шытыр, Ғылыми топтастыруы ...
Шытыр
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Сарғалдақтар тұқымдасы
Тегі: Сарғалдақ
Түрі: Шытыр
Екі-есімді атауы
Ranunculus аcris
L.
Close

Сипаты

  • Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді.
  • Сабақтары қысқа және тығыз түк басқан сайлары бар.
  • Тамырлары түзу және қысқа көптеген ұсақ қосымша тамырлары бар.
  • Жапырақтарының сағақтары ұзын, бес бөлік жапырақшалардан тұрады. Жапырақшалардың әрқайсысы бірнеше бөлшектерге бөлініп тілімделген. Олардың сағақтары өсімдіктің сабағын жарым жартылай қоршай орналасқан.
  • Гүлдері алтындай сары. Гүл сабақтарының да ұзына бойына созылған сайлары бар. Гүл тостағаншасының 5 түкті қалақшалары бар.
  • Жемісі шар тәрізді көптеген жаңғақшалардан тұрады. Мамыр айынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдейді. Өсімідік бірінші рет 6 жылдығында гүлдейді.

Шытыр арамшөп тәрізді бақшаларда, егістік жерлерде, шабындықтарда және батпақты жерлердің шеттерінде, өзендер мен көлдердің жағаларында да көп кездеседі.

Thumb

Жалпы түрі

Thumb

Гүлі

Thumb

Жемісі

Химиялық құрамы

Оның құрамында ұшпалы зат – протоанемонин(анемонол) бар, иісі өткір, дәмі тіл қуырарлықтай ащы болады. Протоанемониннің көздің, мұрынның, кеңірдектің кілегей қабығын түршіктіретін қасиеті бар. Шытырдың құрамында протоанемониннен басқа аскорбин қышқылы, каротин, илік заттар, алкалоидтар, жүрек глюкозидтері және флавонды қосылыстар бар.

Қолданылуы

Дәрі мақсатында зәрлі сарғалдақтың шөбін пайдаланады. Оны бас ауруды, ревматизмді, подаграны,жараны, күйікті, шиұанды емдеу үшін, сондай-ақ тонус көтеретін дәрі ретінде де пайдаланады. Өсімдік құрамындағы ротоанемонин - улы зат. Оның аз мөлшерінің өзі орталық нерв жүйесін қуаттандырғыш әсер етеді. Қандағы эритроциттер мен гемоглобиндерді көбейтуге көмектеседі. Микробтарға қарсы және фунгустикалық әсері бар. Зәрлі сарғалдақты усарғалдақпен қосып (тері туберкулезін емдеу үшін) дәрімай ретінде пайдаланады. Е.Залесованың деректері бойынша сарғалдақты жарыққа және бел ауруын емдеу үшін қолданады. Өсімдіктің гүлімен кейде безгекті де емдейді.

Сақтық шарасы

Шытыр жалпы улы өсімдіктердің қатарына жатады, сондықтан онымен емдеуді тек қана дәрігердің байқауымен жүргізген дұрыс. Шытыр шөбі денеге тисе дереу қызартып, қышытады. Кейде оның тиген жері ісініп күлдірейді, іріңдеп кетуі де мүмкін. Ішке кетсе асқазан жолдарын тітіркендіреді, уландырады. Кісінің басы айналады, дене қуаты азайып, әлсірейді, қан тамырының соғуы жиілейді, кейде адам талып та қалады. Жайылымдарда осы өсімдікті жеген малдардың уланатын жағдайлары да жиі кездеседі.

Мал дәрігерлігінде қолданылуы

Шытырдың көктемде малдың қай түрі болса да жей береді, бірақ қой мен ірі қара малы оны көбірек жеп қойса – уланады. Әсресе шытыр аралас өсетін жайылымға қойды ашқарынға жайған кезде мал жаппай уланып, іші кебеді, аузынан сілікей ағып, жүріп – тұрудан қалады. Уланған қой аяқтарын серпіп, тынысы тарылады. Сөйтіп ауа жетпей өледі. Уланған малды аман алып қалу үшін арнайы трокармен немесе іші қуыс кездікпен қарнын теседі. Осы тесіктен марганцовканың әлсіз ертіндісі құйылады.

Жалпы шытырдан малды сақтау үшін оны ертеңгісін және кешкісін шытыры бар жайылымға жаймау керек.

Дайындалған пішеннің құрамындағы шытыр шөбінен мал уланбайды.[2]

Синонимдары

Келесі синонимдары кабылданған[3]:

  • Ranunculastrum acre Fourr.
  • Ranunculastrum boraeanum Fourr.
  • Ranunculastrum nemorivagum Fourr.
  • Ranunculastrum vulgatum Fourr.
  • Ranunculus acer auct.
  • Ranunculus acris var. latisectus Beck

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.