From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова (25 тамыз 1983, Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саясаткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII-VIII сайланым депутаты (2021 бастап).
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
15 қаңтар 2021 бастап | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Аманат | |||
Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | |||
Ғылыми дәрежесі | Мәдениеттану бойынша философия докторы (PhD) (2012) | |||
Дүниеге келуі | 25 тамыз 1983 (40 жас) Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриатын, 2008 жылы ҚазҰУ магистратурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша, 2011 жылы ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды.
2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
2006-2007 жылдары — «Отан» Республикалық саяси партиясы филиалының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды.
2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды.
2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды.
2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды.
2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды.
2012-2014 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды.
2014-2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды.
2017-2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Даму департаментінің директоры болды.
2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі[1]. 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды[2].
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды[3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.