From Wikipedia, the free encyclopedia
PhD-доктор (Философия докторы, PhD) (орыс. Доктор философии, ағылш. Doctor of Philosophy) — тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже.[1]
Қазақстанда PhD-докторларды дайындау 2005 жылдан бастау алады, бастапқыда (2005-2011 жылға дейінгі аралықта) PhD-докторантура бітірген тұлғалар тек академиялық дәреже иеленді. PhD-доктор ғылыми дәрежесі тек 2011 жылдан бастап берілетін болды.[2][3]
Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.
Қазақстанда Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шет елдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.[4]
Қазіргі таӊда Қазақстанда 145 PhD-докторантура мамандығы тіркелген.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.