Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.
Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | Kazakh National Women's Teacher Training University |
Бұрынғы атауы | Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық иституты |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1944 жыл |
Түрі | Ұлттық педагогикалық университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы |
Мекенжайы | Гоголь көшесі, 114, Алматы |
Кампус | қалалық |
Әкімшілік | |
Ректоры | Гүлмира Қанай |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 9275 |
Марапаттары | Педагогикалық оқу орындары ішінде екінші орында |
Сайты | https://qyzpu.edu.kz/kz |
өңдеу |
Университет тарихы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды.
Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді.
Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.
Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.
Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді.
Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады.
Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды.
Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді.
1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған “Айгүл” квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды.
Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды.
Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары.
Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік” деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді.
Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді.
Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.
Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық “Адам-зат ақыл-ойының қазынасы” және “Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын”'' құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылды.
Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады.
Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында “Сапа менеджменті” жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС “ІnterCert” Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді.
Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді.
Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.
Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.
Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты.
Университет құрылымы
Педагогика ғылымдарының докторы,профессор
Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова
Факультеттер
Дүниежүзілік білім нарығы мен бәсекелестікке қабілетті терең білімді, жоғары кәсіби деңгейдегі ұлт мамандарын, тілшілер мен әдебиетшілерді, аудармашыларды даярлауға лайықты үлес қосу.
- Қазақ тіл білімі,
- Қазақ әдебиеті,
- Тіл теориясы және оқыту әдістемесі,
- Орыс тілі мен әдебиеті,
- Шет тілін оқыту әдістемесі,
- Базалық негізгі және екінші шетел тілдері,
- Практикалық шетел тілдері кафедрасы.
- Жоғары кәсіптік білім (бакалавриат):
«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В050205 – Филология»
«5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті»
«5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі»
«5В020700 - Аударма ісі»
- Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура):
«6М020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
«6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«6M011900 – Шет тілі: екі шетел тіл»
- Докторантура:
«6Д020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6Д011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
Оқу мерзімі:
- Бакалавриат (4 жыл)
- Магистратура (2 жыл)
Ғылым докторлары - 14
Ғылым кандидаттары - 38
Академ.доцент – 1
Аға оқытушылар – 49
Магистрлер – 20
Оқытушылар –28
Ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-ы 48,6% құрайды
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Сатбекова Айгүл Амантайқызы
27 мамыр 1967 жыл.
1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірді
Филология факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 67 жылдық тарихы бар филология факультеті жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді.
- К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.),
- Г.Акабова (1946-1947жж.),
- Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.),
- Н.А.Еремина (1952ж),
- Б.Искаков (1959-1967жж.),
- Г.Искакова (1967-1968 жж. ),
- З.Ахметов (1969-1975жж.),
- С.И.Исаев (1975-1987жж.),
- Қ.Түліков (1987-1988жж.),
- Х.Садыков (1989-1990жж.)
Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992 жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000 жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000 жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004 жж.), А.Сәтбекова (2004-2008 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. Қазіргі уақытта факультетке п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова басшылық жасайды.
2001 жылы тарих-филология факультеті болып қайта құрылған кезде 7 кафедра жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап тарих пен шетел тілдері өз алдына жеке факультет болып бөлініп шығып, таза филология факультеті деп аталды. 2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізілді.
- М.Ә.Сүлейменова,
- И.Е.Маманов,
- М.Балақаев,
- Ж.Жулаева,
- Д.Нұрқанова,
- М.Дүйсебаева,
- Х.Ишанов,
- Қ.Құттыбаев,
- Т.Р.Қордабаев,
- К.Барманқұлов,
- З.Ахметов,
- Х.Садықов,
- Б.Балапанова,
- С.Нұғманова,
- Б.Әбілқасымов т.б.
Бұрынғы университет ректоры, профессор Ш.Беркімбаева,
профессор К.Құнантаева,
Еңбек ері Р.Нұртазина,
Парламент депутаттары М.М.Жүйріктаева мен З.Қадырова,
ғалым Ү. Субханбердина,
ақын А.Бақтыгереева,
ғалым, қоғам қайраткері А.Ә.Осман.
- Факультетте әр жылдары өнімді еңбек еткен әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалым академик З.Ахметов атындағы,
- Әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалымА.Байтұрсынов атындағы,
- Профессор С.Исаев атындағы,
- Профессор Ә.Құрышжанұлы атындағы ,
- Профессор А.Аблақов атындағы ,
- әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р.Нұртазина атындағы .
«Назқоңыр»,
«Ізденіс»,
«Інжу-маржан»,
«Үміт»,
«Пегас»,
«Жас әдіскер»,
«Лингва».
- Химия,
- Биология,
- География,
- Экология
10 ғылым докторы, профессор,
1 профессор міндетін атқарушы,
8 ғылым кандидаттары доцент,
17 ғылым кандидаттары, доцент міндетін атқарушы,
22 аға оқытушы,
25 оқытушы.
Орташа жас көрсеткіші 50 жас шамасында.
- Бакалавриатура
«5В011300-Биология»
«5В060700-Биология»
«5В060900-География»
«5В011600-География»
«5В011200-Химия»
«5В060800-Экология»
- Магистратура
«6М060900 – география»
«6М011200-химия»
«6М011300-Биология»
- (PhD) докторантура
6D060600-химия,
6D011300-биология
1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология жғне география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география.
- Н.Баяндин,
- Т.Т.Таубаев,
- C.Д.Дүймағамбетова,
- К.С.Сахибзадаев,
- Р.Ғ.Хамитов,
- Ғ.Б.Бірмағамбетов,
- М.Ғ.Тартенова,
- А.Ү.Үмбеталина,
- Б.Ю.Юсупов,
- Ж.Ж.Қожантаева
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов,
елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К.Клышев,
академик М.К.Гильманов,
биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж.Қожантаева.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды.
Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты. Экология кафедрасы 2007 жылдан ашылып, жұмыс істеп келеді.
Жоғары дәрежелі кәсіби білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа менеджменті, білім берудің жаңа технологияларын қолдану, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын ғылыми және кәсіби-біліми ортаны; 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары негізінде жоғары оқу орнын басқару жүйесін, ғылыми кадрлар әлеуетін, оқу-тәрбие үдерісін және материалдық базаны қалыптастыру.
- Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Т.Ә.Қоңыратбай)
- Музыкалық аспаптар (кафедра меңгерушісінің м.а. доцент м.а. Д.С.Жанайдарова)
- Хорды дирижерлау және ән (кафедра меңгерушісі профессор М.М.Бурунчин);
- Хореография (кафедра меңгерушісінің м.а. аға оқытушы Р.Б.Сабдалиева)
- Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева)
- Кітапханатану және библиография (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Нұржанова);
- Кәсіптік білім (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.А.Дәрменова)
- Бакалавриат:
5В010600 – «Музыкалық білім»
5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері»
5В040900 – «Хореография»
5В091000 – «Кітапхана ісі»
05041800 – «Кітапханатану және библиография»
5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы»
5В012000 – «Кәсіптік білім»
5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»
- Магистратура:
• 6N0106 – «Музыкалық білім» (магистратура)
• 6М012000 – «Кәсіптік білім» (магистратура)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетінде 1961-1962 оқу жылында музыкалық бөлім болып ашылып, 1967-1968 оқу жылы өз алдына жеке факультет болып құрылды. Бұл - музыка мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін дайындайтын тұңғыш ұйымдастырылған бірден-бір факультет болатын.
Факультеттің ашылуына және оған білікті мамандар жинап ұйымдастыру ісіне ат салысқан белгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов.
- Искакова Бәкібала,
- Байділдаев Өмірбек,
- Ботбаев Дүнгенбай,
- Балтабаев Марат,
- Есназаров Өмірзақ,
- Жуйкова Людмила,
- Меңдіаяқова Қуанышкүл,
- Тульков Қансейіт,
- Амирова Әмина,
- Бекмұхамедов Бекен,
- Момбек Әлия.
1991 жылы факультетте 13.00.02-оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандығы бойынша аспирантура ашылды.
2001 жылы факультет 050106-музыкалық білім мамандығы бойынша Республикада тұңғыш болып кредиттік оқыту жүйесіне көшті, еліміздегі 15 ЖОО-да қолданылып отырған жаңа стандарттар, типтік бағдарламаларды құрастырды.
2002 жылы магистратура бойынша лицензияға ие болды.
2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет І Республикалық “Үздік музыка мұғалімі” конкурс-фестивалі өткізілді, оған ЖОО-ы студенттері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қазіргі уақытта бұл конкурс-фестиваль Қазақстанның басқа ЖОО-да жалғасын тауып келеді.
Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру.
«Факультеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» жоғары білім беру жүйесіндегі кешенді өзара байланысқан бағыттарды қамти отырып, жоғары оқу орнын басқару жүйесі, кадрлық потенциал, білім беру үрдісі, ғылыми қызмет, тәрбие үрдісі, ақпаратты-коммуникациялық жүйелер және материалдық база қалыптастыру. Факультеттің стратегиялық бағытары мынадай:
- инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру;
- ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау;
- ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану;
- университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру;
- еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу.
Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту.
Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру.
- «Дүниежүзі тарихы»;
- «Құқық және басқару негіздері»;
- «Қазақстан тарихы»;
- «Экономика, есеп және туризм»
- «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер».
- Бакалавриат:
5В011400 – Тарих
5В011500 – Құқық және экономика негіздері
5В020300 – Тарих
5В050100 – Әлеуметтану
5В050600 – Экономика
5В050700 – Менеджмент
5В050800 – Есеп және аудит
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В090200 – Туризм
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- Магистратура:
6М020300 – Тарих
6М050100 – Әлеуметтану
6М090500 – Әлеуметтік жұмыс
- Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (кїндізгі)
Орта біліммен – 5 жыл (сырттай)
Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл
Факультетте 9 ғылым докторы, 35 ғылым кандидатын, профессор қызмет атқарады.
- Физика
- Математика
- Информатика және қолданбалы математика
- Ақпараттық жүйелерді оқыту
5В010900 - Математика
5В011000 - Физика
5В011100 - Информатика
5В060200 - Информатика
5В070300 - Ақпараттық жүйелерді оқыту
- Магистратура
6М010900 - Математика
6М011000 - Физика
6М011100 - Информатика
6М060200 - Информатика
- Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі)
Орта кәсіптік біліммен– 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен–2 жыл
Факультетте барлығы 86 профессор-оқытушылар қызмет атқарады.
Оның ішінде тәжірибесі мол
11 - ғылым докторы,
26 - ғылым кандидаты, доценттер,
22 - аға оқытушы,
27 - оқытушылар.
- Мектепке дейінгі және бастауыш білім:
- Теориялық және практикалық психология:
- Дене тәрбиесі және валеология:
- Арнайы және әлеуметтік педагогика:
- Жалпы педагогика.
- Бакалавриатура
5В010100 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
5В010200 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”
5В010300 - “Педагогика және психология”
5В050300 - “Психология”
5В010800 – “Денешынықтыру және спорт”
5В010500 – “Дефектология”
5В012300 - “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану”
- Магистратура
6М0101 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
6М0503 - “Психология”
6М0105 – «Дефектология»
6М0103 - “Педагогика және психология”
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.