From Wikipedia, the free encyclopedia
Жусандала – Шу-Іле таулары мен Тауқұм құмды алқабы аралығындағы жазық дала.
Жусандала | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 400, 500 м |
Ұзындығы | 130 км |
Өзендер | Ақсүйек, Күйеліқара, Ботабұрым, Жалпақши, Тесік, Жыңғылды |
Қаңтардағы орт. температура | –7 °C |
Шілдедегі орт. температура | 25 °C |
Жылдық жауын-шашын деңгейі | 250 мм |
Орналасуы | |
44°20′26″ с. е. 74°58′13″ ш. б.44.340513° с. е. 74.970192° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақтар | Алматы облысы, Жамбыл облысы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Алматы облысы Балқаш және Жамбыл облысы Мойынқұм аудандары аумағында.
Дала Шу-Іле тауларының солтүстік-шығысын бойлай 130 км-ге созылған. Абсолюттік биіктігі 400 – 500 м. Жер бедеріне жазда кеуіп қалатын арналар және сай-жыралармен тілімделген тау алдының делювийлі-пролювийлі жазығы тән. Ол антропоген кезеңінің малтатасты-қиыршықтасты және саз-құмдақты шөгінділерінен түзілген.
Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –7°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 мм. Жусанды жазда кеуіп қалатын Ақсүйек, Күйеліқара, Ботабұрым, Жалпақши, Тесік, Жыңғылды және Қопалы өзендері кесіп өтіп, Тауқұмға сіңіп кетеді. Сай-жыраларда бұлақтар кездеседі.
Топырағы сұр, сұр қоңыр, сортаңды және шалғынды-құмдақты. Онда сұр жусан басым қылқан боз, күйреуік, баялыш, қоңырбас, өлеңшөп, арпабас өседі. Анда-санда сексеуіл шоғырлары кездеседі. Жусанда бірнеше елді мекендер (Айдарлы, Көлшеңгел, Тоғыз, Ақсүйек) орналасқан. Жусан арқылы Алматы – Астана автомобиль магистралі өтеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.