Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы және әскери қолбасшы From Wikipedia, the free encyclopedia
Жошы хан[1] (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.
Жошы хан | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1224-1227 | ||
Ізбасары | Бату | |
Өмірбаяны | ||
Діні | тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | 1182 Қарақорым, Моңғолия | |
Қайтыс болуы | 1227 | |
Жерленді | Ұлытау, Қазақстан | |
Династия | Шыңғыс хан әулиеті | |
Әкесі | Шыңғыс хан | |
Анасы | Бөрте | |
Жұбайы | Үкі-қатын | |
Балалары | Орда Ежен Бату Берке Шайбани Тоқа Темір | |
өңдеу |
Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.
Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.
Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады. Құрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар құрады. Омаровский жерінде өз атасын өлтірді. Кедей баласын алып өзенге лақтырды. 1243 жылы қайтыс болды.
Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды. Жошы бірінші болып тәуелсіз мемлекет құруға ашық түрде ұмтылды. Ал бұл саясат әке мен бала арасында араздық тууына себепкер болды.Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген. Жужани өзінің 1260 жылы жазылған "Табанат-и-Насири" тарихнамасында былай дейді: "Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді."
Өзінің пікірлес адамдарына: "Шыңғыс қаған, сірә алжыған, өйткені осынша жерді ойрандап, мұншама халықты қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!" — дегенді айтқан. Оның осы ойын тете інісі Шағатай сезіп қап Шыңғысқанға жеткізеді. Қаһарына мінген қаған Хорезмге сенімді адамдарын аттандырып, Жошының тез арада әкесіне жетуін бұйырады. "Егер ол мұнда келуден қашқақтап, Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып, ләм-мим деместен өлтіре салыңдар!" — деп әмір етеді. Сырқаттығы себепті бара алмайтынын сылтауратқан Жошы кыпшақ даласында қала берді. Ал сенімді адамдары Шыңғысқа Жошының сап-сау екенін, тіпті, аң аулауға жиі шығып тұратынын айтып келген. Тұла бойын ашу оты алаулатқан Шыңғыс хан: "Шамасы, ол маған қарсы екен, әкесінің сөзін де ілтипатқа алмады" деп ойлап, оның соңынан Шағатай мен Үгедей бастаған әскер жіберді. Осы кезде Жошының қазаға ұшырағаны жөнінде қаралы хабар жеткен еді. Ол әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде "аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген" десе, кейбір деректерде "жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен" деп көрсетіледі.
П.Савельев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.