From Wikipedia, the free encyclopedia
Желтау – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде, Қарабұлақ өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Желтау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Биіктігі |
490 м |
Орналасуы | |
51°33′16″ с. е. 73°22′58″ ш. б.51.55444° с. е. 73.38278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Абсолюттік биіктігі 490 м. Өзен аңғары Желтауды оңтүстігіндегі Мыңшұқыр тауынан бөліп тұрады. Беткейлері эрозиялық-тектоникалық сай-жыралармен тілімденген аласа таудың төбесі доғал келген. Орталық бөлігі және солтүстік беткейлері тік құлама, өзен, жыралармен тілімденген. Кейбір жерлерінде түпкі жыныстар жер бетіне шығып жатыр.
Протерозойдың жыныстарынан түзілген жер қыртысының бетін кесек тасты, құмтасты коллювийлі және коллювийлі-деллювийлі шөгінділер жапқан.
Нашар дамыған күңгірт қоңыр топырағында бетеге, боз, сұлыбас, қараған, тобылғы, т.б. өсімдіктер өскен.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.