From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңа Британия (ағылш. New Brіtaіn) — Тынық мұхиттағы Бисмарк архипелагының ең ірі жанартаулық аралы. Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің құрамына кіреді. Шартты түрде Батыс және Шығыс Британия деп бөлінеді. Ауданы 36520 мың км2. Халқы 340 мың адам (1995), негізінен, меланезиялықтар. Жері таулы, абсолюттік биіктігі 2438 метр (Кокопо тауы). Әрекетті жанартауы — Улавун. Климаты экваторлық, ылғалды. Жылдық орташа температурасы 24С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 6000 мм. Экваторлық ылғалды тропиктік орман өседі. Жергілікті тұрғындар жүгері, батат, маниок, қант құрағын, банан және басқа дақылдарды өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе плантациялары бар. Аралдағы ең ірі порт — Рабаул қаласы.
Жаңа Британия ағылш. New Britain | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 35144,6 км² |
Ең биік нүктесі | 2438 м |
Тұрғындар (2011 жыл) | 500 000 адам |
Халық тығыздығы | 14,227 адам/км² |
Орналасуы | |
5°48′46″ о. е. 150°26′48″ ш. б.5.81278° о. е. 150.44667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелаг | Бисмарк архипелагы |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | Папуа — Жаңа Гвинея |
Аймақ | Айлендс |
Аудандар | Шығыс Жаңа Британия, Батыс Жаңа Британия |
Жаңа Британия Ортаққорда |
Жаңа Британия тек 1700 жылы теңіз британ саяхатшысы Уильям Дампир ашқан. 1885 - 1899 жылдары арал Герман - Жаңагвинея компаниясының иелігінде болды, аралдын атын Жаңа Помирания деп атады. Осы аралда мақта өсірген. 1914 жылы Жаңа Британияны Бірінші дүние жүзілік соғыс біткенен кейін австралиялықтар жаулап алды.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.