From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңақала ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Жаңақала ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
9 |
Ауыл саны |
22 |
Әкімі |
Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, №44 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°12′54″ с. е. 50°18′10″ ш. б.49.21500° с. е. 50.30278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1930 |
Жер аумағы |
20,8 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
21 653[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
1,0 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (98,12%), татарлар (1,19%), орыстар (0,33%), басқалары (0,36%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
090400- 090412[3] |
Автомобиль коды |
07 |
Батысында Бөкей Ордасы, солтүстігінде Казталов, шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, Каспий жағында оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Қараөзен - ұзындығы 70 км, Сарыөзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр - ұзындығы 25 км. Топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады.
Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Аудан - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі.[4]
Тұрғындар саны - 24 029 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 98,03%, басқалары - 1,97%.
22 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Бірлік ауылдық округі | Бірлік ауылы | 3 | ▼1488 |
Жаңажол ауылдық округі | Жаңажол ауылы | 3 | ▼1326 |
Жаңақазан ауылдық округі | Жаңақазан ауылы | 2 | ▼2156 |
Жаңақала ауылдық округі | Жаңақала ауылы | 1 | ▲9325 |
Көпжасар ауылдық округі | Көпжасар ауылы | 3 | ▼1748 |
Қызылоба ауылдық округі | Қызылоба ауылы | 3 | ▼1636 |
Мәстексай ауылдық округі | Мәстексай ауылы | 2 | ▼1737 |
Меңдешев ауылдық округі | Қырқопа ауылы | 1 | ▼696 |
Пятимар ауылдық округі | Пятимар ауылы | 4 | ▼1389 |
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Жаңақала | ауыл | ▲ 9325 |
Жаңақазан | ауыл | ▼ 1809 |
Көпжасар | ауыл | ▼ 1597 |
Мәстексай (Ленинское) | ауыл | ▼ 1276 |
Қызылоба (Красногорское) | ауыл | ▼ 1249 |
Бірлік | ауыл | ▼ 1183 |
Пятимар | ауыл | ▼ 1051 |
Жаңажол | ауыл | ▼ 824 |
Қырқопа (Кармановка) | ауыл | ▼ 696 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.