Жамбыл облысы
Қазақстанның оңтүстігіндегі облысы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тәңір тауына, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Қазақстан облысы | |||
Жамбыл облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
10 | ||
Ауылдық округтер саны |
150 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
4 | ||
Ауыл саны |
367 | ||
Әкімі |
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
44°00′ с. е. 72°00′ ш. б.44.000° с. е. 72.000° ш. б. / 44.000; 72.000 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
144 264 км² (10- орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 1 215 482[1] адам (2022)(3- орын) | ||
Тығыздығы |
7,78 адам/км² (3- орын) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 73,45 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7262 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері |
08xxxx | ||
Автомобиль коды |
08 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-ZHA | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 | ||
Ортаққордағы санаты: Жамбыл облысы |
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 150 ауылдық округте 367 ауыл бар.[3]