Алша

From Wikipedia, the free encyclopedia

Алша

Алша – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш не бұта тектес өсімдік түрі. Биіктігі 1,5 – 10 м-ге дейін болады. Жабайы Алша түрлері Балқан, Кавказ, Орта Азия, Қырым, Иран және Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында кездеседі. Кәдімгі Алшаның бүршігі жалаңаш, майда, ағашқа жеке немесе топталып орналасады. ЖемісЖемісінің]] пішіні – дөңгелек, сопақша келген, сары қызғылт немесе қара түсті, жұмсағы шырынды, жемісі сүйекті. Алша жемісінің құрамында қант 4 – 9%, органик. қышқыл (1 – 4%), сондай-ақ витаминдер, пектиндер болады. 3 – 4 жылда жеміс салады, өнімділігі жоғары, әр га-дан орта есеппен 120 – 200 ц өнім алынады. Алшаның тіршілік ету ұзақтығы 15 – 60 жыл, өнімді 5 – 20 жыл береді. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді, топырақ талғамайды. Ол тұқымынан, қалемшеден, тамыр атпасынан көбейеді. Оңтүстік Қазақстанда аудандастырылған екі сорты өседі (Фиолетовая десертная және Малиновая). Алшадан көбінесе сусын және мармелад жасалады. [1]

Ашылып турған алша

Сілтеме

  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.