From Wikipedia, the free encyclopedia
Ертіс артезиан алабы – Ертіс өзені аңғарының Семейден төменгі бөлігін алып жатқан жер асты суы бар өңір. Бұл алаптағы жалпы қалыңдығы 1200 – 1300 м-ге дейін жететін мезозой-кайнозой шөгінділері Ертіс және Құлынды қазаншұңқырларының қанатын құрайды. Бұл шөгінділер бірнеше сулы горизонттарға бөлінген. Антропоген-неогеннің құмды-малтатасты шөгінділерінде жер асты сулары бірнеше м-ден 87 м-ге дейінгі тереңдікте жатады. Олардың минералд. 0,2 – 0,5 г/л-ден 18 – 20 г/л-ге дейін. Ұңғымалардың су өнімділігі 0,2 – 0,4 л/с-тан 25 – 30 л/с-қа дейін. Олигоценнің кварцты және кварц-глауконитті құмдарымен байланысты арынды сулар 150 – 200 м тереңдікте кездеседі. Бұл сулар көбінесе тұщы және аздап ашқылтым. Бор кезеңінің құмдарында шоғырланған сулы горизонттар оңт-те 200 – 250 м-де, ал солт-те 800 – 1200 м-ге дейінгі тереңдікте орналасқан. Судың қозғалу бағыты бойынша минералд. 0,5 – 1,0 г/л-ден 5 – 8 г/л-ге дейін артады, ал температурасы Павлодар облысының солт-нде 35 – 37°С-қа дейін жетеді. Төм. бордың минералды сулары Ақсу қаласындағы емханада түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.