![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/79/Erlan_Qo%25C5%259Fanov_%25282023-06-30%2529.jpg/640px-Erlan_Qo%25C5%259Fanov_%25282023-06-30%2529.jpg&w=640&q=50)
Ерлан Жақанұлы Қошанов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ерлан Жақанұлы Қошанов (14 тамыз 1962, Ақсу-Аюлы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылдан бері Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы және депутаты, сол жылдың 26 сәуірінен бастап «Аманат» партиясының басшысы.
Өмірбаяны
Quick Facts Лауазымы, 1 ақпан 2022 жылдан бастап ...
Ерлан Жақанұлы Қошанов | ||||
![]() Қошанов 2023 жылы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
1 ақпан 2022 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| ||||
26 сәуір 2022 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| ||||
1 ақпан 2022 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Нұрлан Нығматулин | |||
| ||||
18 қыркүйек 2019 жыл — 1 ақпан 2022 жыл | ||||
Ізашары | Қырымбек Көшербаев | |||
Ізбасары | Мұрат Нұртілеу | |||
| ||||
14 наурыз 2017 жыл — 18 қыркүйек 2019 жыл | ||||
Ізашары | Нұрмұхамбет Әбдібеков | |||
Ізбасары | Жеңіс Қасымбек | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Аманат | |||
Білімі | Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті | |||
Дүниеге келуі | 14 тамыз 1962 (1962-08-14) (61 жас) Ақсу-Аюлы, Жезқазған облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Жұбайы | Абауова Гульжан Мейрамқызы | |||
Марапаттары |
| |||
өңдеу ![]() |
Close
1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
- Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
- 1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
- 1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.
- 1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
- 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
- 2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
- 2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
- 2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
- 2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
- 2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
- 2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.
- 2019 жылғы 18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
- 2022 жылы 26 сәуірде «Аманат» партиясының төрағасы болып сайланды
- 2023 жылғы 29 наурызда VIII шақырым Мәжілістің Төрағасы болып қайта сайланды.