![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/Baris_1cl_star.jpeg/640px-Baris_1cl_star.jpeg&w=640&q=50)
Барыс ордені
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
Quick Facts III дәрежелі, Order of Barys Ортаққорда ...
III дәрежелі | |
---|---|
![]() | |
Мемлекет | ![]() |
Түрі | Орден |
Жағдайы | беріледі |
Негізделді | 26 шілде 1999 жыл |
Жоғары марапаты | «Назарбаев» ордені |
Төменгі марапаты | «Даңқ» ордені |
Order of Barys Ортаққорда |
Close
Бұл орден ерекше еңбегі үшін:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
- бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
- ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
- мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі[1].
Дәрежелері
«Барыс» орденінде үш дәреже бар:
- 1-дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады.
- 2-дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
- 3-дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.
Сипаттамасы
Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар.
- 1-дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм
- 2-дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм
- 3-дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм
Галерея
-
I дәрежелі «Барыс» орден жұлдызы
-
I дәрежелі «Барыс» белгі ордені
-
II дәрежелі «Барыс» ордені
-
III дәрежелі «Барыс» ордені
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |