From Wikipedia, the free encyclopedia
Динара Рамазанқызы Сәдуақасова (31 қазан 1996, Астана, Қазақстан) — қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер (2012).
Динара Рамазанқызы Сәдуақасова | |||
Мемлекеттер | |||
---|---|---|---|
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Лауазымы |
Халықаралық шебер (2017), гроссмейстер (2012), халықаралық шебер (2011) | ||
Максималды рейтингі |
2519 (қаңтар 2020) | ||
Актуалды рейтингі |
2436 Шахматшының id табылмады | ||
Марапаттары мен сыйлықтары |
| ||
Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
| |||
Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген. Шындап он жасында қатыса бастаған. Шахматтан басқа музыка, теннис, жүзумен айналысады. Тілдерді үйренеді. Орта мектепті үздік бітірген. 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді.
Қазақстанның әйелдер арасында ең жас гроссмейстері (гроссмейстер 2012 жылы 16 жасында атанды)[1]
2011 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталуы[2]
«Жастар-2011» жастар сыйлығын «Жылдың жас спортшысы» байқауында жеңіп алды[3][4]
«Интеллектуальная нация — 2011» форумының спикері.[5]
8 наурызға арналған Қазақстан Республикасы Президентімен мерекелік кездесуге қатысушысы (07.03.2012)[6][7]
2013 жылғы «SportReview» журналына сәйкес үздік спортшы атанды.
" Караван " газеті бойынша 2014 жылдың үздік спортшысы деп танылды.[8]
2014 жылдың наурыз айында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» шахмат турнирі өтті[9]
2014 жылдың жазында өзінің стипендиясына өз тарапына негізделген «Шахматтан алғашқы қадамдар» кітабын жариялады[10]
«Респект спортсмен» («Халық таңдаулысы 2014») санатындағы ұлттық сыйлығының лауреаты[11]
«Отважная пешка», «Белая ладья», «Мемориал П. Измайлова» (Ресей), «Х. Омарованы еске алу» (Қазақстан), «Г. Агзамованы еске алу» (Өзбекстан), «Мемориал Л. Руденко-2009» Халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы.
2016 жылдан қазақстандық оқушылар Динара Сәдуақасованың «Шахматтың алғашқы қадамдары» кітабымен шахмат үйренеді[12]
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы желтоқсанда Динара Сәдуақасова ерекшеленген бір топ мәдениет пен өнер өкілдерімен бірге «Құрмет» орденімен марапатталды [13].