From Wikipedia, the free encyclopedia
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 жыл – 28 қазан 1704 жыл) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Джон Локк | |
ағылш. John Locke | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Рингтон, Сомерсет, Англия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Эссекс, Англия |
Шығармашылығы | |
Мектеп/дәстүр | |
Бағыты |
ағылшын философиясы |
Кезең |
XVII ғасыр философиясы |
Негізгі қызығушылығы |
Метафизика, эпистемология, саяси философия, білім жүйесі |
Негізгі пікірі |
Ақ тақта (tabula rasa), биленушілердің рұқсатын алған билік ұғымы, бостандық және меншік құқықтары |
Ықпал еткендер |
Платон, Аристотель, Фома Аквинский, Рене Декарт, Томас Гоббс |
Ықпалды жалғастырушылар |
Джордж Беркли, Давид Юм, Иммануил Кант, Артур Шопенгауэр |
Негізгі еңбектері: «Оқыту туралы кейбір ойлар», «Адам түсінуі туралы эссе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
1688 ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локктың Азаматтық билік туралы екінші мақаласында (The Second Treatise of Civil Government) көрініс тапты. Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды. Мемлекет - өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік.
Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау-жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.