Дамаск
Сирия астанасы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Дамаск (араб.: دمشق), Шам (араб.: الشام) — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. 11ғ,—б.з.б. 732 ж.), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахеменид әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 ж. қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671—770) айналды. Аббас өулеті тұсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. 9—13 ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260-1516 ж. мәмлүктердің, 1401 ж. Әмір Темір иелігінде болды. 1516-1518 ж. Осман сұлтандығының құрамында, 1920—43 ж. Францияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі "Бабуссағир" (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби жерленген.[2]
Қала | |
Дамаск | |
араб.: دمشق | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
СирияСирия |
Статусы |
Астана |
Мухафаза |
Дамаск |
Губернатор |
Адел әл-Оляби |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
33°30′00″ с. е. 36°18′00″ ш. б.33.50000° с. е. 36.30000° ш. б. / 33.50000; 36.30000 (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
б.з.б. 2500 ж. |
Жер аумағы |
118 км² |
Орталығының биiктігі |
600 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲ 2 503 000[1] адам (2022) |
Тығыздығы |
14 864,41 адам/км² |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+963 11 |
Damascus Governorate (ар.) | |
Ортаққордағы санаты: Дамаск |