From Wikipedia, the free encyclopedia
Германия қарулы күштерінің қарсылықсыз тізе бүгу (капитуляция) актісі (орыс. Акт о безоговорочной капитуляции Германии; ағылш. German Instrument of Surrender; фр. Actes de capitulation de l’Allemagne nazie; нем. Bedingungslose Kapitulation der Wehrmacht) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германия қарулы күштерінің және олардың бөлімдерінің соғыс қимылдары аймағы мен аудандарында, қамалдарында, елді мекендерінде, теңізде және теңіз базаларында т.б. жерлерде жеңуші жақ шарттарына мойын ұсынып, қарсылығын тоқтату туралы заңдастырылған құжат. Сонымен бірге бұл құжат бойынша барлық қару-жарақ, соғыс кемелері мен тікұшақтар, қамалдар мен бекіністі мекендер, соғыс жабдықтары одақтастардың қолына өтіп, әскер күші тұтқынға алынады[1] .
Германия қарулы күштерінің қарсылықсыз тізе бүгу (капитуляция) актісі | |
---|---|
нем. Bedingungslose Kapitulation der Wehrmacht ағылш. German Instrument of Surrender орыс. Акт о безоговорочной капитуляции Германии фр. Actes de capitulation de l’Allemagne nazie | |
Дайындалды | 4-5 мамыр 1945 жыл |
Қол қойылды — болған жері |
7 мамыр 1945 жыл Реймс Франция |
Мөрмен бекітілді | 7 мамыр 1945 жыл |
Күшіне енді — шарты |
8 мамыр 1945 жыл Германия қарулы күштерінің қарсылықсыз одақтастар алдында тізе бүгуі |
Қол қойылды | Реймс Франция |
Қол қойғандар | Германия |
Тіл | ағылшын |
Уикикітаптағы құжат мәтіні: ru:Акт о безоговорочной капитуляции Германии (7 мамыр) |
Келісім шарт құжатына 7 мамыр 1945 жылы Еуропа уақыты бойынша сағат 2-ден 41 минут кеткенді қол қойылған. Жоғары басшылықтың оперативті штабының басшысы генерал-полковник Альфред Йодль Германия жағынан қол қойды. Капитуляцияны қабылдағандар: ағылшын-америка жағынан АҚШ әскерінің генерал-лейтенанты Уолтер Беделл Смит. КСРО жағынан - Жоғары басшылықтың уәкілі - Иван Суслопаров. Актіге куә ретінде қосымша қол қойған - Ұлттық қорғаныс басшысы Франсуа Севез.
Нацисттік Германияның Үшінші рейхінің капитуляциясы 1945 жыл 8 мамыр еуропалық уақытымен сағат 23:01 күшіне енді.[2]. Құжат ағылшын тілінде жасалған және тек ағылшын мәтіні ресми түрінде қабылданған[3]. Бірақ Сталиннің ұсынысы бойынша Берлиннің маңындағы Карлсхорстта капитуляция келісіміне екінші мәрте қол қойылды. Содан бері Жеңіс күні Еуропа елдерінде 8 мамыр, ал КСРО-да 9 мамыр тойланатын болды.
Сөзсіз капитуляция туралы алғашқы рет АҚШ президенті Франклин Рузвельт 1943 жыл 13 қаңтарда Касабланкадағы конференцияда жариялаған[4]. Еуропалық Консультативтік комиссиясы жасаған мәтіннің жобасын 1944 жылдың қаңтардан бастап одақтас елдердің басшыларының бәрі қолдаған. Бірақ мәтінді жалпы ұсыныс ретінде қабылдаған, сол себепті 1945 жылы 4-5 мамырда штабта бұл мәтінді қолданбай, басқа - қысқа және таза әскери құжат қайтадан жасалынды. Дайындалған алғашқы мәтінді пайдаланбаған себебі - ондағы саяси баптардан дау шығып артыс-тартыс туғыздырады ма деп алдын алу болуы мүмкін. Осы соңғы нұсқаны SHAEF-тың 3-ші оперативтік бөлімшесінің полковнигі Фенимордың (мәтіннің негізгі авторы) басқаруымен америкалық офицерлер тобы жасаған.[5].
Кеңес Одағы Германияның капитуляциясын қабылдап, бірақ бейбітшілік келісіміне қол қоймады. Яғни ресми түрінде соғыс халінде қала берді. Соғысты тоқтату туралы Үкім КСРО-ның Жоғары Кеңесі 1955 жылы 25 қаңтарда қабылдады [6].
Беделл Смит, Франсуа Севез және Иван Суслопаров. Реймс, 7 мамыр 1945 ж. |
SHAEF-тың оперативтік бөлімшесінің кабинеті. Осы жерде капитуляцияға қол қойылған. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.