Бұрандажапырақ (лат. Vallisneria) – сукөріктер тұқымдасына жататын, суда өсетін көп жылдық өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік кейде қоңыржай аймақтардағы су айдындарында кездесетін 6 – 10 түрі анықталған. Қазақстанда Каспий, Арал теніздерінде, Түркістан өңіріндегі өзен-көлдерде, ащы, тұщы суларда өсетін 1 түрі – спиральды бұрандажапырақ (V. spіralіs). Оның жатаған тамырсабағы қысқа, дегелек жапырақтары таспа тәрізді, бүтін жиекті, жоғары шеті ара тісті келеді. Ұзындығы 50 – 80 см, ені 5 – 12 мм. Екі үйлі өсімдік. Гүл сағағы қысқа. Гүлшоғыры қарапайым тостағанша тәрізді жапырақшалардан тұрады. Аталық гүлдері майда. Гүл сағағы бұранда тәрізді иіліп келген. Бір ұялы. Ұясында көп тұқым бүршігі жетіледі. Әр тұқым бүршігінің бұранда тәрізді иілген сағағы болады. Тамызқыркүйек айларында гүлдейді. Жәндіктер немесе жел арқылы айқас тозаңданады. Бұрандажапырақ ауаны, суды оттегімен байытады, шіріп сапропельге айналады. Ол су құстары мен балықтардың негізгі азығы. Бұрандажапырақты жиі аквариумда өсіреді.

Quick Facts Бұрандажапырақ, Ғылыми топтастыруы ...
Бұрандажапырақ
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Hydrocharitaceae
Тегі: Vallisneria
L.
түрлері

14 түрі белгілі

Close

[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.