![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b5/Kazakhstan_adm_location_map.svg/langkk-640px-Kazakhstan_adm_location_map.svg.png&w=640&q=50)
Бескөл (Солтүстік Қазақстан облысы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бескөл — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, аудан және Бескөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Ауыл | |
Бескөл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Статусы |
аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°46′10″ с. е. 69°06′10″ ш. б.54.76944° с. е. 69.10278° ш. б. / 54.76944; 69.10278 (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1938 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
13 027[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71538 |
Автомобиль коды |
T, 15 |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
Облыс орталығы – Петропавл қаласының оңтүстігіне қарай 8 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1938 жылы Петропавл МТС-ның орталығы ретінде қаланды. Атауы маңындағы көлдерге байланысты қойылған. 1967 жылдан аудан орталығы.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7495 адам (3684 ер адам және 3811 әйел адам) болса, 2009 жылы 8805 адамды (4217 ер адам және 4588 әйел адам) құрады.[2]
Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы
Бескөлде құс фабрикасы, жылжымалы механикаландырылған колонна, “Романтик” акционерлік қоғамы, “Молсервис” консорциумы, аудандық баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығының ғылыми-зерттеулер институтының бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса бар. Бескөл арқылы Петропавл—Көкшетау, Петропавл—Новоишим автомобиль жолдары өтеді.[3]
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.