Сапарғали Ысқақұлы Бегалин — (1895 жыл, 24 қараша, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы – 1983 жыл, 10 наурыз, Алматы облысы, Алматы қаласы) қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, шоқантанушы.
Сапарғали Ысқақұлы Бегалин | |
Лақап аты |
Марал[1] |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Дегелең ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
қазақ |
Шығармашылық жылдары |
1914-1983 |
Жанры |
прозашы |
Дебюті |
"Қазақ бозбалаларына", 1914 |
Марапаттары |
Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» орден және медальдары. |
Биография
Арғын тайпасы Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.
1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2][3]
Еңбегі
Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды.
- «Қыран кегі» (1943),
- «Цимлян теңізі» (1953),
- «Таңдамалы» (1956),
- «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар,
- «Көксегеннің көргендері» (1948),
- «Ермектің алмасы» (1955, 1985),
- «Сәтжан» (1947, 1973, 1978),
- «Жас бұтақ» (1953),
- «Жеткіншектер» (1960),
- «Мектеп түлектері» (1961),
- «Шоқан асулары» (1971),
- «Қыран туралы аңыз» (1976),
- «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары,
- «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
Аудармалары
Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.[4]
- Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.
Жетістіктері
Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.