«Абай шығармашылығы» («Творчество Абая» ) , Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Бұрынғы Семей облыстық «Прииртышская правда» газетінің 1945 жылы 15 тамыздағы санында жарияланған. Абайдың туғанына 100 жыл толуына арналған беттегі бұл көлемді мақалада ақын шығармашылығы жан-жақты, терең талданған. Ұлы ақынның әдеби мұрасын ол сусындаған «ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеттің үш ұлы қайнары»:
- «көне қазақ әдебиеті»
- «шығыс мәдениетінің озық үлгілері
- араб-иран және түркі классикалық поэзиясы»
- «орыс (осы арқылы еуропа) мәдениеті» мысалында қарастырады.
Абайдың осы уш рухани қайнарды меңгере отырып, өзінің талант қуатын еш кемітпей, өз шығармашылығының сапалық жағын әлсіретпегендігін, «кең тынысты» суреткер ретінде жаңа мәдениетті өз қәжетіне шебер пайдаланып, кәдеге асырғанын, осы арқылы қазақ мәдениетінің рухани әлемін байытып, көп пайда тапқанын әсерлі әңгімелейді. Ұлы ақын поэзиясының ауыз әдебиетінен мүлдем өзгеше сарында өрбіп, сөздік қоры, образдар жүйесі, стилистикалық әдістер көркемдік жағынан жаңа ой иірімдерімен терең де жаңа көркем мағынаға ие болғанын,
«Қазақ әдебиетінде үй-іші, ата-аналық парыз бен жас ұрпақты тәрбиелеуге және ең бастысы, әйел мәселесіне жаңаша көзқарас алғаш рет нақты да жоғары моральдық тұрғыда айтылғаны»
ерекше аталады. Абай поэзиясының еңбек, табиғат тақырыптарын ашудағы жаңашылдығы, оқу-білімге шақырған азаматтық үні мақаланың өн бойынан аңғарылады. Абайдың шығыс поэзиясымен байланысы жан-жақты айтылып, оның ақындық мұрасында көне шығыс классикалық поэзиясының озық дәстүрлерінен ғана үлгі алғандығын,
«араб-мұсылман шығысы Абай шығармашылығына жеке іріктеліп алынған бөліктерімен кіргендігін»
баян етеді. Абайдың орыс әдебиеті арқылы еуропа мәдениетіне бой ұруы күрделі де соны және сан алуан болғандығын сөз етіп, оның А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов шығармашылығын игерудегі аудармашылық өнерінің шеберлік тұстарына тоқталады. Абай сатирасының М.Салтыков-Щедринге көркемдік және саяси жағынан да жақын екендігін айта келіп,
«Абай өз поэзиясының бүкіл мазмұнымен өз кезінің үкіметтік құрылымын жоққа шығарды, сол себепті де оның үкіметке қарсылық білдірген орыс классиктеріне көңілінің Шәміл мен Кенесарыға ықыласымен терең байланысы бар»
деп түйеді. Абайдың талантты да өзіндік ерекшелігі бар композитор болғанына назар аударылып, музыкада да жаңашылдығымен танылғандығын атап өтеді.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.