From Wikipedia, the free encyclopedia
Баласағұн - Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық қала атауы. Жазба деректерде 10 ғасырдан бастап белгілі.
Баласағұн | |
Мемлекет | |
---|---|
Қазіргі жері |
Қырғызстан, Шу облысы, Тоқмақ қаласының маңы |
Қалануы |
X ғасыр |
Қиралды |
XIV ғасыр |
Қиралу себебі |
оба эпидемиясы |
Орналасуы |
42°44′48″ с. е. 75°15′00″ ш. б.42.74667° с. е. 75.25000° ш. б. (G) (O) (Я) |
|
Әл-Мақдисидің мәлімдеуінше, ол «игілікке бай, үлкен қала» болған. Ал Махмұт Қашқари Баласағұнның Күз-Ұлыс немесе Күз-Орда деген басқа аттары болғанын хабарлайды. Зерттеушілердің пікірінше:
Кейiнгi жылдары iске асып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы егемендi елiмiздiң әлеуметтiк-мәдени өмiрiне үлкен жаңалықтар алып келдi. Солардың бiрi белгiлi тарихшы, археолог және этнолог ғалым Шәлекенов Уахит Хамзаұлының монографиялық еңбегiнiң жарық көруi. Профессор У.Шәлекенов өзiнiң монографиясында тарихи деректерге, атап айтқанда, 30 жыл бойы жинақталған құнды археологиялық жәдiгерлерге сүйенiп, ортағасырлық тарихи қала–Баласағұнның тұрған жерiн анықтап, оның ортағасырлардағы түркi мемлекеттерiнiң әлеуметтiк-саяси, экономикалық және мәдени орталығы болғанын дәлелдеп берген. Монографияның алғы сөзiн жазған тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Оразақ Смағұловтың пайымдауынша, У.Шәлекенов өзiнiң еңбегiнде Түркеш (Сарыүйсiн), Қарлұқ, Қарахан және Қарақытай (Қарақидан) сияқты ортағасырдағы түркi мемлекеттерiнiң бас астанасы болған, Ұлы Жiбек жолының солтүстiк тармағында орналасқан Баласағұн қаласының тарихы жан-жақты қарастырылған. У.Шәлекеновтың монографиясы 8 тараудан, тұрады. Кiтаптың бiрiншi тарауы Баласағұн қаласының тарихи әдебиеттерде сәулеленуiне арналған. Монографияда 1938-1939 жылдары ленинградтық ғалым Л.Н.Бернштам Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының оңтүстiк батысында 8 км. қашықтықта орналасқан ортағасырлық Ақбешiм қаласының орнында кiшiгiрiм қазба жұмыстарын жүргiзiп, қолға түскен азғантай деректерге сүйенiп Ақбешiмдi Баласағұн деп жариялап жiбергенiн үлкен өкiнiшпен жазады. «[[Шығыстанушылардың ғасырлар бойы, – деп қорытындылайды У.Х.Шәлекенов, – таба алмай жүрген Баласағұнды таптым деп, А.Н.Бернштам да тарихта «сенсация» жасаған]]». (58 б.) Ғылымда, әсiресе археологияда «сенсациядан» қашық болу туралы қағиданы Уахит Хамзаұлы кезiнде академик Әлкей Марғұланнан естiп, оны ғылыми жұмыста басшылыққа алғаны белгiлi. Оған дәлел ретiнде У.Шәлекенов ғұлама жинаған деректер бойынша өзiнiң ғылыми тұжырымын жазып, текшелеп, қағаз папкаларына салып қоя беретiнiн байқайды екен. «Сiз осы субъектердi күнбе-күн тынымсыз жазып, оларды бастырмайсыз ба?» – дегенiмде, Әлкей Марғұлан көп кiдiрмей-ақ: «Менiң мақсатым, жинаған деректердi ғылыми негiзде жазып қалдыру. Қолжазбамды кейiн шығарып аласыздар ғой», – дегенi есiмнен кетпейдi» – деп жазады (30 бет). 1974 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ақтөбе қонысын У.Х.Шәлекенов бастаған топ бастап арнайы қазған кезде күтпеген жерден келiп, ескерткiшпен жан-жақты танысып, оның тарихи Баласағұн болуын алғаш болжап айтқан да Әлкей Марғұлан екен. Сол жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнде археология және этнология кафедрасының археолог мамандары студенттермен бiрлесiп қазба жұмысын ортағасырлық Ақтөбеде (Баласағұн) өткiзедi. Оны тарих факультетiнiң студенттерiнiң археологиялық базасына айналдыру үшiн ең алдымен ескерткiштiң жанынан университет жүз орындық тұрақты жатақхана салады. Әр жылы көптеген тарихшылар сол жерде тәжiрибеден 30 жылдан астам өтiп келе жатқаны көп нәрсенi аңғартады. Профессор У.Шәлекенов археологиялық зерттеу жұмысына қамқоршы болған азаматтар мен мамандардың да есiмiн атайды. Солардың iшiнде университет ректоры болған белгiлi ғалым Өмiрбек Жолдасбековке үлкен ризашылығын бiлдiредi. Әсiресе есiмi халқымызға белгiлi, Қазақстан Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның XX ғасырдың 80 жылдары Актөбе ескерткiшiне арнайы келiп, ондағы жүрiп жатқан археологиялық зерттеудiң қаншалықты маңызды екенiн айтып оған қолдау қажеттiгiн жазып, өз пiкiрiн бiлдiргенi ғалымдар мен мамандарға ой салатыны анық. Сонымен Ақтөбедегi (Баласағұндағы) 30 жылдан астам археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесiнде цитадельде, шахристанда және рабадта бай деректерге қол жеткiзiлген. Табылған деректерге негiзделе отырып жазылған мақалалар мен кiтаптардың хронологиясы барынша сарапталған. Нәтижесiнде, бұрынғы Ақтөбенiң тарихи Баласағұн екенi ғылыми негiзiнде дәлелденген. Ал У.Шәлекеновтың «V-ХIII ғасырдағы Баласағұн қаласы» монографиясы бұған дейiн жазылған ғылыми еңбектерден ерекшелiктерi бар. Профессор У.Х.Шәлекенов өзiнiң монографиясында Баласағұн қаласының негiзiн салуда Алты Алаштың перзенттерi қатысқаны туралы деректер келтiрген, олардың iшiнде ежелден отырықшы өмiр сүрген оғыз тайпалары болғанын ерекше айтады. Әсiресе «алты алаш» сөзiнiң семантикасы туралы пiкiр айтылғанмен, оның ғылыми анықтамасы жеткiлiктi зерттелмегенiн ескередi. Монографияда «алты алаш» ұғымы Бiлге қаған, Күлтегiн және Тоныкөктердiң басқарып тұрған кезiнде пайда болғандығы туралы болжам жасайды. Монографияда Бiлге қаған мәтiнiнде бар «Алты тақ иегерлерi», немесе алты кiшi хандықтың ордасының атаулары зерттелiнедi. Ал М.Қашқари кiшi ордаларды «алачу» (alacu) деп атау ғасырлар бойы халық арасында қалыптасып, XI ғасырдың басында хатқа түсiрiлгенi ескерiледi. Тарихи деректер бойынша түркiлер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандардың орталығын «алачу» деп атаған екен. «Олай болса, – деп қорытындылайды У.Х.Шәлекенов, – байырғы түркiлерiнiң осы алты тайпасы кейiн «алты алаш» атанып, күнi бүгiнге дейiн халық жадында сақталып қалған. Бұл атау Еуразия кұрылығындағы ұлы дала көшпелiлерiнiң ұранына айналған, бүкiл бүтiн оғыз, қыпшақ, қарлұқ, басмыл, он-оқ түркештердiң кейiнгi ұрпағы – қазақ халқының ұранына айналған». (71 б.) Оғыздар қалаларының тарихын жеке қарау арқылы да автор көптеген жаңалықтарға жол ашып берген. Ұзақ жылдар бойына тарих ғылымында үстемдiк еткен түркiлер туралы айтылған евроцентристердiң пiкiрлерiнiң жалған екенiн жазба және археологиялық зерттеулердiң материалдарын кеңiнен пайдалану арқылы әшкерелейдi: «Түркiлер ежелден шетiнен көшпелi болмаған, - деп жазады автор. – Олардың отырықшы мәдениетiнiң орталықтары болған үлкендi-кiшiлi қалалары, тұрақты мекендерi өздерi ерте заманнан бастап, Тұран өлкесiнде салғандағы аты аңызға айналған, тегi түркi Афрасиабпен байланысты екендiгi тарихи деректерде кең көлемде суреттелген. Афрасиаб туралы иран, араб, түркi тiлдес әдебиеттерде көп жазылған...» (75 б). Баласағұнның iрi мәдени орталық болғаны туралы және онда көптеген ғұламалардың өсiп шыққан ұясының бiрi туралы монографияда мағлұматтар берiледi. Олардың iшiнен Абу-Абдаллах Мухаммед Ибн-Мұса әл-Баласағұн ерекше аталады. Деректер бойынша ол Ат-Түрiк деген есiммен белгiлi. Ол ең әуелi Бағдатта оқыған, одан кейiн Шамға (Сирияға), Дамаскiге барып қызмет атқарған. Профессор У.Х.Шәлекенов бұрын белгiлi деректерге сүйене отырып, Афрасиабтық барлық түркiлердiң құрметiне бөленген көсемi болғанын дәлелдейдi. Оның кезiнде салынған қалалар: Ниса, Мерв, Термез, Самарқанд (Афрасиаб), Бұхара, Соғда, Мар, Пайкент, Ферғана, Ахсикент, Ходжент, Өзкент, Ош, Ташкент, Түркiстан, Янкент, Қият, Үргенiш, Испиджаб (Сайрам),Манкент, Құмкент, Саудакент, Бабата, Тараз, Құлан, Мерке, Баласағұн, Аспара, Қарақастек, Алматы, Қойлық, Жаркент, Қашқар және т.б. Бұл қалалардың басым көпшiлiгi Қазақстан жерiне салынған және оларды салған оғыздар. «Тарихта дәлелденген мәселенiң бiрi, оғыздар осы күнгi түркмен, азербайжан, Осман түрiктерiнiң этногенезiне белгiлi үлесiн қосқан тайпа. Олар ертедегi ортағасырда Орталық Азияны мекендеген. Кейiн әртүрлi тарихтың тәлкегiмен оғыздардың бiр бөлiгi батысқа қарай жылжып, жаңа қоныстарға ие болған. Солай болса, олар ертеде отырықшы мәдениетiнiң орталықтарына айналған қалалар салған, әсiресе Ұлы Жiбек жолдарында» (80 б). Монографияның VII тарауында автор Орталық Азия түркiлерiнiң құл иеленушiлiк дәуiрiн зерттейдi. Еуропалық тарихнамалардағы «Түркiлер құл иеленушiлiк қоғамды бастарынан өткермей, алғашқы қауымдық қоғамнан бiрден феодализмге өткен» деген тұжырымдаманы батыл сынға алады. Бұл жерде ғалым барлық өмiрiн түркiлердiң тарихын зерттеуге арнаған Л.Н.Гумилевтың тұжырымдарын қолдайды. Монографияда б.з.б II – б.з. V ғ.ғ. ертедегi сақтардың ұрпақтары қаңлы, Ферғана, Тохаристан құл иеленушiлiк мемлекеттерiнiң болғаны туралы деректердi келтiредi. Әсiресе III-VII ғасырларда қаңлы тайпасының әлем түркiлерiнiң арасында құл иеленушiлiктiң таралуы жан-жақты сарапталған. Мәселен, Амудария мен Сырдария алқаптарында кең көлемде үлкен су жүйелерi құлдардың күшiменен салынғаны туралы деректер келтiрiлген. Профессор У.Х.Шәлекеновтың бұл ғылыми зерттеуi ұлттық тарихымызға жаңа көзқарас қалыптастыруда қосқан үлесiнiң мол екенiн айтумыз керек Монографияның соңғы тарауында Ұлы Жiбек жолының тарихы да Баласағұн қаласымен тiкелей байланысты екенi жазылған. Және Баласағұн қаласы кешендi зерттелу үшiн оны «Мәдени мұра» бағдарламасына енгiзу туралы ұсыныс жасайды. Баласағұн АлматыТараз тас жолындағы үлкен туристiк орын болатынына автор өзiнiң сенiмiн бiлдiредi. Жалпы монографияда қазақ халқының ұлттық тарихын жазу туралы түйiн жасалыпты. Осыған орай автор бiрнеше ұсыныстар келтiрген, әсiресе тарих мемлекет тiлiнде жазылып, ол «Қазақ халқының тарихы» деп аталынуы керек деген. Ол үшiн жаратылыстану және гуманитарлық ғылым салаларындағы халқымыздың тарихын жаза алатын, ұлттық менталитетi бар мамандардың басын қосып еңбек ету арқылы шешетiн күрделi мәселе екенiн ескертедi. Өйткенi, ғылымның барлық саласының гуманизациялау кезiнде өздерiне ғана тән-тарихының болуы және олардың даму тарихының жиынтығы қазақ халқының азаматтық тарихына енуi керектiгi қазiргi кезеңнiң талабы болып отыр. Сонымен, профессор У.Х.Шәлекеновтың аса құнды монографиялық еңбегiнiң жарық көруi қазақ халқының ұлттық тарихына қосқан үлкен үлесi деп қабылданып, ғалымдар қауымының, қалың оқырмандардың назарында болуына және тиiстi бағасын алатынына сенiм бiлдiргенiмiз орынды болар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.