![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/76/SoulBody_opElevate.svg/langkk-640px-SoulBody_opElevate.svg.png&w=640&q=50)
Аңғару
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аңғару (ағылш. Awareness) — әлдене туралы зерделі болу күйі. Нақтырақ айтсақ, аңғару дегеніміз оқиғаларды тікелей білу және түйсіну, сезіну, ұғу қабілеті. Басқаша айтсақ, ол ақпараттар іс-әрекетті бағыттауға тіке қолданылған кездегі субъекттің ақпараттарға назар аудару күйі.[1] Бұл ұғым зерденің синонимі ретінде, немесе зерденің негізгі қасиеті ретінде қолданылуы мүмкін,[2] мысалы, зерде дегеніміз адам санасының әлденені аңғару күйі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/76/SoulBody_opElevate.svg/640px-SoulBody_opElevate.svg.png)
Санадағы әлденені аңғару күйі тәжірибеге байланысты болады, яғни аңғаруда бейнеленген құрылым тәжірибе құрылымын бейнелейді.[1] Дегенмен аңғарудың ең маңызды және ерекше түрі Мендік аңғару болып, ол адамның өз кісілігі мен даралығы туралы зерделік тәжірибесі болып, сана философиясында қарастырылады.[3][4]
Адам өз ниетіне сай санасы мен іс-әрекеті үйлесімді болу үшін, түрлі ішкі-сыртқы феномендердің мәні мен себеп-салдар байланысын санада дұрыс бейнелеп қана қоймай, оларды бейнелегенін аңғарып, олардың мағынасын ұғуға тиіс. Аңғару процессі тек сезімдік түйсіну деңгейімен шектелмейді, ол пайымдау жүйесінде ұғынылып, ақыл арқылы түсінуге ұласады.