![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/Neural_Correlates_Of_Consciousness.jpg/640px-Neural_Correlates_Of_Consciousness.jpg&w=640&q=50)
Зерде
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зерде (ағылш. Consciousness) — қарапайым етіп айтқанда, ішкі және сыртқы болмысты сезіну мен аңғару.[1] Философтар мен ғалымдардың бірнеше мыңжылдық анализдеуіне, анықтама беруіне, түсіндіруіне және пікірталас жасауына қарамастан,[2] "өміріміздегі ең таныс және ең жұмбақ аспект" ретінде зерденің қасиеті мен мәні баяғыдай сырлы және даулы болып қалуда.[3] Бұл тақырып бойынша жалпы қабылданған жалғыз түсінік "зерденің рас бар екендігі туралы интуиция" ғана.[4] Зерде ретінде тегі нені нақты зерттеп, түсіндіру керек екендігі туралы пікірлер қашан әртүрлі. Кейде ол сананың (mind) синонимі болса, ал басқа жағдайда ол сананың бөлігі. Кезінде зерде адамның "ішкі өмірі", интроспекция, жеке ойлауы, қиялы және еркі делінді.[5] Қазір ол көбінесе таным, тәжірибе, сезу (feeling) немесе түйсіну түрлерін қамтиды. Ол сондай-ақ тұрақты және өзгергіш күйдегі аңғаруды, аңғаруды аңғаруды және Мендік аңғаруды білдіреді.[6][7] Зерденің түрлі деңгейлері мен тәртіптері бар,[8] яғни әртүрлі зерделер болуы мүмкін, немесе түрлі ерекшеліктері бар бір ғана зерде болуы мүмкін.[9] Бұлардан басқа мәселелер ретінде мысалы "тек адам ғана зерделі ме, әлде барлық жануарлар, тіпті бүкіл ғалам зерделі ме?" - деген метафизикалық сұрақты айтуға болады. Бірақ зерттеулер, түсіндірулер және болжамдар аясы тегі дұрыс сұрақтар қойылып жатыр ма деген күмән да туғызады.[10]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/Neural_Correlates_Of_Consciousness.jpg/640px-Neural_Correlates_Of_Consciousness.jpg)
Сипаттау, анықтау және түсіндіру ауқымын білдіретін мысалдар: қарапайым ояулық, "өзін тану" арқылы зерттелетін адамның өздік сезімі мен жаны; метафоралық мағынадағы "мазмұн ағыны", мидағы рухани күй, рухани оқиға және рухани үрдіс; Фанерон (phanera), квалиа (qualia) және субъективтілік; "бейне сондайлықты" иелеу, немесе болу; "ішкі театр", немесе санадағы басқарушы-атқарушы жүйесі, тб.[11]