![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c0/Wiki-grafik_peats-de_big_five_ENG.svg/langkk-640px-Wiki-grafik_peats-de_big_five_ENG.svg.png&w=640&q=50)
Кісілік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кісілік (ағылш. Personality, кейде Индивидуалдық) – адамның тұлғалық қасиеттерін танытатын ұғым болып, ол негізінен екі мағынада айтылады: бірі, кісінің (индивид) мәндік ерекшелігі және басқа тұлғаларға ұқсамайтын қасиеттерінің жиынтығы; екінші, тұлғаның өзіне тән қасиеті, мінезі, дүниетанымы, қылығы, ойы, ұстанымы қатарлылардың қайталанбас бірегейлігі.[1] Кісілік қасиеттер ретінде адамгершілікті білдіретін ізгілік, қайырымдылық, рахымдылық, ақылдылық, адалдық, әділдік, қанағатшылдық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық қатарлыларды қамтиды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c0/Wiki-grafik_peats-de_big_five_ENG.svg/320px-Wiki-grafik_peats-de_big_five_ENG.svg.png)