![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d1/Haliaeetus_albicilla_-captive-8a.jpg/640px-Haliaeetus_albicilla_-captive-8a.jpg&w=640&q=50)
Аққұйрықты субүркіт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аққұйрықты субүркіт (лат. Haliaeetus albicilla) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.[2]
Аққұйрықты субүркіт | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Haliaeetus albicilla (Карл Линней, 1758) | ||||||||||||||
![]() Light Green: nesting area
Blue: wintering area Dark Green: all-year | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Falco albicilla Linnaeus, 1758 |
Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұзындығы 64-72 см, салмағы 4,9-6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұзындығы 57-63 см, салмағы 3,1-3,8 кг ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. Аққұйрықты субүркіт- отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады.[3] Аққұйрықты субүркіт — үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармен, ондатрлармен, ал Каспий теңізінде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).[2]
-
Museum specimen
-
Museum specimen - Russia