Шығыс Қазақстан - Қазақстанның шығысында, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай елімен шекаралас аймақта орналасқан өңір. Батысында Сарыарқа, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысымен шектесіп жатыр. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумағын қамтиды. Ірі қалалары: Семей, Өскемен.

Жер бедері

Мұзтау шыңы

Quick Facts Аумағы, Құрамына енетін облыстар ...
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
     Орталық Қазақстан      Солтүстік Қазақстан      Оңтүстік Қазақстан      Шығыс Қазақстан      Батыс Қазақстан
Аумағы 283,3 мың км2
Құрамына енетін облыстар Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы
Халқы 1530,8 мың адам
Халқының тығыздығы 1 км2-ға 6,3 адамнан
Қала халқының үлесі 60%
Қазақстан халқының ішіндегі үлесі 11%
Close

Шығыс Қазақстанның жер бедері биік таулы, жоталы. Шыңдарының көпшілігін мәңгілік қар және мұздықтар жапқан. Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау (Белуха) (4506 м). Үлбі өзені аңғарында жылына 1570 мм жауыш-шашын түседі. Бұл - еліміздегі ең жоғарға көрсеткіш. Таулардан бастау алған көптеген өзендер тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазан-шұңқырларды суландырады.

Көлдері

Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры - Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер: Зайсан, Марқакөл және т.б. Зайсан көлі Бұқтырма СЭС-ның салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.

Қатынас жолдары

Теміржол және автомобиль жолдары арқылы Шығыс Қазақстан Батыс Сібірмен, Ресейдің еуропалық бөлігінің аудандарымен және Орта Азия республикаларымен жалғасады.[1]

Дереккөздер

  1. Бейсенова Ә.С., Қирабаев Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: "Атамұра", 2013.- 104 бет. ISBN 978-601-282-832-0

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.