From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақсу – Жетісу облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен. Ұзынды-қысқалы 132 саласы бар. Ақсудың ұзындығы 316 км, су жинау алабы 5040 км2.
Ақсу өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 316 км |
Су алабының ауданы |
5040 км² |
Су алабы | Іле өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Жетісу Алатауындағы мұздықтар |
• Координаттары | 45°00′24″ с. е. 79°41′33″ ш. б.45.00667° с. е. 79.69250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көлі |
• Координаттары | 46°19′24″ с. е. 78°10′28″ ш. б.46.32333° с. е. 78.17444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысы Ақсу, Алакөл аудандары |
Жетісу Алатауы ның 4000 м. биіктікте орналасқан мұздықтарынан бастау алып, Балқаш көліне құяды.
Көпжылдық орташа су шығыны Жансүгіров ауылы тұсында 11,2 м3/сек. Өзен жоғарғы ағысында тауаралық Қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді. Төменгі ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, Балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. Өзен алабының мұз құрсану аумағы 139 км2, көлемі 0,77 км3 болатын 162 мұздық бар. Негізгі салалары: Сарқан, Қожамберді өзендері. Ақсу шаруашылыққа пайдалануға байланысты суы көктем мен жазда тасиды, осы кезеңде жылдық ағындысының 80%-і өтеді. Суы тұшы, минералдылығы 0,2-1,5 г/л аралығында ауытқиды. Минералдары химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класының кальций және магний тобына жатады. Суы егін, мал суаруға және техн. қажеттіліктерге пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.