Балқаш маңы жазығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балқаш маңы жазығы – Балқаш көлінінің оңтүстік жағында, оңтүстік-шығысында Жоңғар (Жетісу) Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ.
Балқаш маңы жазығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | ~ 278 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | ~ 480 км |
Өзендер | Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі |
Көлдер | Балқаш |
Орналасуы | |
46°04′38″ с. е. 75°38′16″ ш. б.46.077206° с. е. 75.637771° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | ![]() |
Аймақтар | Алматы облысы, Жетісу облысы |
Жер бедері
Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі - жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар (Бақанас) кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесікатырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.
Су торабы
Жазықты Балқаш су алабының өзендері ағып өтеді, ірілері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.