![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ac/White-headed_Duck.jpg/640px-White-headed_Duck.jpg&w=640&q=50)
Ақбас үйрек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбас үйрек (лат. Oxyura leucocephala) — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы.
Ақбас үйрек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Кежек
Мекиен
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Сурет:Status IUCN3.1 EN.svg
Жойылу қаупіндегілер (IUCN3.1) | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Oxyura leucocephala (Scopoli, 1769) |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1a/Oxyura_leucocephala_MHNT.ZOO.2010.11.11.3.jpg/640px-Oxyura_leucocephala_MHNT.ZOO.2010.11.11.3.jpg)
Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Қоразы қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Басқа үйректерден айырмашылығы жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын терең сулардағы қамыс пен қоғаның арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді.
Саны тез азайып бара жотқан, ала-құла тараған, сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ ұялайды. Қазақстандағы саны белгісіз, бірақ, шамамен бірнеше жүзден аспайтын шығар. Санының азаюының негізгі себептері - шөп шабу, өрт, өзен-көлдердің су жүйесінің бұзылуынан, қамысты қопалардағы тіршілік жағдайының нашарлауы. Торғай өзенінің сағасы мен Шаны көліндегі қорықтарды ұйымдастыру жұмысын жеделдету керек. Мекиені 6 — 10 ірі (салмағы 80 — 100 г) жұмыртқа басады. Шілде — тамызда балапандарын ұшырады. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. Ақбас үйрек — жыл құсы. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Пәкстан, Иран, Түркия жерлерінде қыстайды. Сәуір — мамыр айларында қайта оралады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).[1][2]