From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазтәрізділер, жалпақ тұмсықтылар (лат. Anseriformes) - су құстары отряды.
Қазтәрізділер | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сұңқылдақ аққу (Cygnus cygnus)
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Тұқымдастары | ||||||||||||
Anhimidae |
Жер шарында кең тараған (Антарктидада ғана кездеспейді), әсіресе, Оңтүстік Америкада, Африкада, тропиктік аймақтарда және Аустралияда жиі кездеседі. Қазақстанда 16 туысы, 40 түрі бар. Басқа құстардан айырмашылығы: мойны ұзын, құйрығы қысқа, аяғы 4 башайлы, алдыңғы үшеуі жарғақты келеді. Тұмсығы жалпақ, шеті жұқа, ұшында мүйізді түбіртік "тырнақшасы" болады. Кейбір түрлерінде (мыс., бейнарықта) жақ жиегін мүйізді тісшелер көмкереді. Қауырсындары қалың, тығыз, денесінің бауыр жағында мамық көп болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған. Көбі суда жақсы жүзеді. Қ. т. сүңгуір құстар, көптеген түрі 40 м тереңдікке дейін сүңги алады, тағы бір ерекшелігі - суыққа (температура - 110˚С-қа дейін) төзімді (қаз бен үйрек). Салқын және қоңыр-жай аймақта кездесетін көп-теген түрі - жыл құсы. Ұя басу үшін наурыз - сәуір айларында ұшып келіп, қазан — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Каспий теңізінен Жерорта теңізіне дейінгі шалғай аймақтарда қыстайды. Ұясын үй маңындағы жерлерге, таяз су бетіне, ағашқа, інге, кеуекке, жартасқа салады. Ұясына мамық, шөп төсейді. 5 — 20 жұмыртқа салып, оларды 20 — 40 күндей басады. Жыныстық жағынан 2 — 4 жасында жетіледі. Құрақ өркенімен, өсімдік тамырымен, ұсақ балықтармен және омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді.
Қазтәрізділердің 9 түрі (қызылжемсаулы қарашақаз, қутұмсық, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүңгуір, дөңтұмсық тұрпан, қара тұрпан, ақбас үйрек) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.