АҚШ президенті
АҚШ-тың атқарушы билігінің басшысы мемлекет басшысының және Әскер және теңіз флоты командирінің функцияларымен / From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ президенті — АҚШ атқару билігінің, сондай-ақ мемлекеттің басшысы. АҚШ әскерінің және флотының бас қолбасшысы. Заң жобаларына (bills) вето салу құқығына ие. Лауазым 1781 жылы Конституциялық конвентте (жиналыс) қабылданған, АҚШ Конституциясымен[1] енгізілген. Бірінші президент болып 1789 жылы Джордж Уошингтон тағайындалды. Оның бұл лауазымды иеленгеніне дейін «президент» атауы «Құрлықтық конгресстің президенті» деген тіркеспен қолданылған.