From Wikipedia, the free encyclopedia
Барбара Пирс Буш (ағылш. Barbara Pierce Bush; 8 маусым 1925, Флашинг, Нью-Йорк - 18 сәуір 2018) - Америка Құрама Штаттарының қырық бірінші президенті Джордж Буштың әйелі, АҚШ-тың қырық үшінші президенті Джордж Буш-кішінің анасы және 1989-1993 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Барбара Буш Barbara Pierce Bush | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
20 қаңтар 1989 жыл — 20 қаңтар 1993 жыл | |||
Ізашары | Нэнси Рейган | ||
Ізбасары | Хиллари Клинтон | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 8 маусым 1925 Нью-Йорк, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 18 сәуір 2018 (92 жас) | ||
Жұбайы | Джордж Буш | ||
Балалары | Джордж, Джеб, Нейл | ||
өңдеу |
Booth Memorial ауруханасында Нью-Йорктың маңайында 1925 жылы дүниеге келді. Балалық шағын Нью-Йорктың маңында өткізеді. Оның әкесі 60 жылдардағы әйгілі әйелдер журналының басып шығарушысы болды, ал анасы 1949 жылы көлік апатында қайтыс болады. Әкесінің жағынан АҚШ-тың он төртінші президенті Франклин Пирстің алыс туысы болып келеді.
Болашақ күйеуі Джордж Бушпен он алты жасында Жаңа жыл кешінде танысады. Бір жарым жылдан кейін Буштың әскерге кетуінің алдында атастырылу өтті. Авиацияда ұшқыш болған кезде Джордж Буш өзі ұшқан ұшақтардың бәрін болашақ әйелінің атымен атаған – «Барбара І», «Барбара ІІ», «Барбара ІІІ». Кезекті демалысы кезінде 1945 жылы 6 қаңтарда олар үйленеді. Соғыс аяқталған соң олар Мидленд, Техас штатына көшеді. Сол жерде оларда алты бала дүниеге келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.