Аризона

From Wikipedia, the free encyclopedia

Аризона

Аризона (ағылш. Arizona, ([ɛrɪˈzoʊnə]; [ærɪˈzoʊnə]; навахо Hoozdo Hahoodzo) — Америка Құрама Штаттарының 48- штаты. Елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Ютмен, Колорадо және Нью-Мексикомен бірге «төрт бұрыш штаттары» санына кіреді . Штаттың астанасы және ірі қаласы — Финикс (Phoenix). Население штата в 2011 жылғы жағдаймен штаттың халқы 6 482 505 тұрғын — бұл көрсеткішпен Аризона АҚШ-та 16-орында. Аризонаның климаты қысы ерекше жұмсақ және жылдың жазғы уақытында жоғары температуралы.

Quick Facts
АҚШ штаты

Аризона
ағылш. State of Arizona

Thumb Thumb
Аризона туы Аризона мөрі
Thumb

Штат ұраны

лат. Ditat Deus

Штат әні

«The Arizona March Song» және «Arizona»

Штат лақапаты

«Үлкен каньон штаты»

Астанасы

Финикс

Ең ірі қаласы

Финикс

Ірі қалалары

Тусон
Юма
Флагстафф

Тұрғыны

7 151 502[1] (2020 жыл)
14−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
22 адам/км²

Ауданы

6−орын
- барлығы
295 254 км²
- су беті
(0,32 %)
- ендік
31°20' с. е. бойынша 37° с. е., 500 км
- бойлық 109°3' б. б. бойынша 114°50' б. б., 645 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 3852 м
- орташа биіктігі 1250 м
- минимал биіктігі
22 м

Штат статусын иеленуі

14 ақпан 1912 жылы
48 ретпен
- штат болмай тұрып
Аризона Аумағы

Губернаторы

Кэтлин Хоббс

Вице-губернаторы

Адриан Фонтес

Заң шығару органы

Аризона Легислатурасы
- жоғарғы палатасы Аризона Сенаты
- төменгі палатасы Аризона өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Кирстен Синема
Марк Эдвард Келли

Уақыт белдеуі

UTC-7

Домені

AZ, Ariz., US-AZ

Ресми сайты:

http://az.gov/


Close

Халқы

Thumb
Халық тығыздығы картасы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Аризона халқы 6 482 505 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 1,42 %-ке өскен.[2]. Финикс метрополисінің халық саны 1991 ден 2001 жылға дейін 45,3 % өскен, Аризона 90-жылдарда халықы ең жоғары өскен екінші штат болып саналды (Невада штаты бірінші болды).[3]. Қазіргі уақытта Финикса метрополисі халық саны 4,3 млн адамнан асқан. Аризонаның 58 %-ке жуық халқы 100 мың адамнан көп тұратын қалаларда өмір сүреді (елдің барлық штаттарының арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш).

2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (73 %), афроамерикандықтар (4,1 %), байырғы америкалықтар (4,6 %), азиялықтар (2,8 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,2 %), басқа нәсіл өкілдері (11,9 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (3,4 %)[4]. 2009 жылғы дерек бойынша Аризона халқының шығу тегі: мексикандықтар (27,4 %), немістер (16 %), ирландықтар (10,8 %), ағылшындар (10,1 %), итальяндар (4,6 %)[5]. Аризонада үндіс тілімен сөйлейтін адам саны бойынша барлық 48 континентальды штаттар арасында арасында ең көп штат болып есептеледі. 85 мыңға жуық адам навахо тіліде сөйлейді және 10,4 мың адам батыс-апач тілінде сөйлейді. Аризоналық Апач округында үндіс тілін сақтаушылар АҚШ бойынша ең көп шоғырланған[6] 2010 жылы штатты құпия қоныстанушылар 7,9 % болды (екінші елдегі ең жоғары көрсеткіш)[7].

2005—2007 жылдары штаттың халқының 72,1 % үйде тек қана ағылшынша; 21,7 % — испанша сөйлескен .

Халық санының динамикасы:

  • 1950: 749 587 адам
  • 1960: 1 302 161 адам
  • 1970: 1 745 944 адам
  • 1980: 2 718 215 адам
  • 1990: 3 665 228 адам
  • 2000: 5 130 632 адам
  • 2010: 6 392 017 адам[8]

Халықтың дін тұтынушылар құрамы:

  • католиктер — 29 %
  • дінсіздер атейстер — 17 %
  • евангель христиандары — 10 %
  • баптисттер — 8 %
  • мормондар — 6 %
  • методисттер — 5 %
  • қалғаны — 25 %[9]

Аризонада 50 мыңға дейін орыстілді тұрғындар өмір сүреді[10].

Географиясы

Thumb
Колорадо өзенінің иілісі
Thumb
Үлкен каньон
Thumb
Аризоналық кратер

Аризона АҚШ-тың оңтүстік -батысында орналасқан, батысында Калифорниямен және Невадамен, солтүстігінде — Ютамен, солтүстік-шығысында — Колорадомен, шығысында — Нью-Мексико, оңтүстігінде — Мексикамен шекараласады. Штаттың территориясының аумағы 295 254 км² (елдің штаттарының ішінде 6-орында).

Штат территориясының едәуір бөлігін тау, үстірт және шөл алып жатыр. Аризонада орасан зор сары қарағайлы массиві орналасқан. Штаттың солтүстігінде Колородо өзені және ондағы Үлкен каньон орналасқан. Юго-западную часть Аризоны оңтүстік-батыс жағында Сонара шөлі, Финикс, Тусон және Юма қалалары орналасқан.

Графтықтары ағылш. Counties

Аризона графтықтарға бөлінеді. 1983 жылы штат 15 графтықа бөлінген.

More information Аризона графтықтары, Графтың аты ...
Аризона графтықтары
Графтың аты Графтық орталығы Орнаған жылы Халық саны (2010)[11] Үлесі Аумағы (кв. миль.) Үлесі
Apache St. Johns 1879 71,518 1.12 % 11,218 9.84 %
Cochise Bisbee 1881 131,346 2.05 % 6,219 5.46 %
Coconino Flagstaff 1891 134,421 2.10 % 18,661 16.37 %
Gila Globe 1881 53,597 0.84 % 4,796 4.21 %
Graham Safford 1881 37,220 0.58 % 4,641 4.07 %
Greenlee Clifton 1909 8,437 0.13 % 1,848 1.62 %
La Paz Parker 1983 20,489 0.32 % 4,513 3.96 %
Maricopa Phoenix 1871 3,817,117 59.72 % 9,224 8.09 %
Mohave Kingman 1864 200,186 3.13 % 13,470 11.82 %
Navajo Holbrook 1895 107,449 1.68 % 9,959 8.74 %
Pima Tucson 1864 980,263 15.34 % 9,189 8.06 %
Pinal Florence 1875 375,770 5.88 % 5,374 4.71 %
Santa Cruz Nogales 1899 47,420 0.74 % 1,238 1.09 %
Yavapai Prescott 1865 211,033 3.30 % 8,128 7.13 %
Yuma Yuma 1864 195,751 3.06 % 5,519 4.84 %
Барлығы: 15 6,392,017 113,997
Close

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.