Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан 1965, Астана) — қазақстандық экономист, саясаткер және Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (2019—2022). «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті (2008-2016). Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.[1]
Қысқаша өмірбаяны
- Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. [1]
- Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
- Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.
- Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады.
- Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды.
- Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары
- Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.
- Индустрия және сауда бірінші вице-министрі.
- 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған.
- 2006-2008 жылдары Астана қаласының әкімі.
- 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет етті.
- 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
- 2019 жылдың 25-ші ақпаннан бастап 2022 жылдың 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің қызметінде болды.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (1998)
- «Құрмет» ордені (2006)
- 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011)
- «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008)
- 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский кінәзі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей)
- Құрмет легионы ордені (2013) (Франция)
- Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия)
- "Азаматтық қызметі үшін" орденінің үлкен кресті (2014) (Испания)
- Астана қаласының Құрметті азаматы (2011)
- Құрметті теміржолшы (2012)
- Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2013)
Дереккөздер
Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701
Quick Facts Лауазымы, Президент ...
Close