From Wikipedia, the free encyclopedia
Анхель Фабиан Ди Мария Эрнандес (ис. Ángel Fabián Di María Hernández; 1988 жылы 14 ақпанда туған, Росарио) — аргентиналық футболшы, "Ювентус" клубы мен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы.
Анхель Ди Мария | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Анхель Фабиан Ди Мария Эрнандес | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары |
El Magia, El flaco, El pibito, El angelito | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
180 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
75 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
22 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. "Росарио Сентраль" клубының шәкірті. Оның El Angelito (періште), Di Magia (сиқыршы), El Flaco (жінішке), El Pibito және Fideo (испанша кеспе) деген лақап аттары бар.[1]
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Анхель Ди Мария кішкентай кезінде өте қозғалшан және энергиясы таусылмайтын бала болғандықтан, дәрігер оның спортқа деген қажеттігін көріп, футбол ойнауға кеңес береді.[2]. Өзінің мансабың туған қаласының «Атлетико Эль Торито» клубында 7 жасынан ойнап бастады. 13 жасында «Росарио Сентраль» клубына өтеді. Осы клубта өзі туралы алғаш рет мәлімдейді. 17 жасында Ди Мария клубтың бірінші құрамасында дебютін Индепендьенте клубына қарсы ойында жасайды, бұл Апертура-2005 соңғы туры еді. Бірнеше жылдан кейін еуропалық клубтардың назарына түседі. Олардың ішінде ресейлік Рубин де бар еді, клубпен Анхель 2007 жылдың басында келісім-шартқа тұруға дайын еді, бірақ кейін ойын өзгертеді.[3]
2007 жылы Ди Мария 20 жасқа дейінгілер арасында Аргентина құрамасына шақырылады. Ол құрамамен Парагвайда өткен Онтүстік-Американдық жастар чемпионтына қатысып 2 гол соғады. Сосын оны Канадада өткен 20 жасқа дейінгілердің чемпионатына шақырады. Турнирде Анхель 3 гол соғып, Аргентина чемпионатты ұтып алады.
2008 жылы Ди Мария Пекинде өткен 2008 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін Аргентина ұлттық құрамасына шақырылады. Олимпиаданың ширек финалында Нидерланд құрамының қақпасына жеңіс голын соғады. Бұл 105-ші қосылқы минутта Лионель Месси пасынан кейін болады. Аргентина құрамасы ойынды 2:1 есебімен жеңді.
2008 жылдың 23 тамызында оның мансабындағы мүмкін ең маңызды кез болды - Аргентина құрамасы Олимпиада финалында Нигерия құрамасын Ди Мария голынан кейін 1:0 есебімен жеңеді.
Ди Мария 2010 жылы болған Әлем Чемпионатына баратын 23 ойыншы ішіне кірді. 2010 жылдың 11 тамызында Дублиндегі жаңа Авива статионында бірінші голды соғады, ол Ирландия құрамасына қарсы өткен достық ойын болған. Аргентина 1:0 есебімен жеңеді.[4]
«Бенфика»
«Реал Мадрид»
«Пари Сен-Жермен»
Аргентина құрамасы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.