From Wikipedia, the free encyclopedia
Антиль аралдары — Орталық Америкадағы аралдар тобы. Олар Үлкен Антиль (Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико) және Кіші Антиль аралдары (Виргин, Жел өті, Ық аралдары) болып бөлінеді. Аум. 220 мың км². Тұрғыны 30 млн. адамға жуық (1995). Жер бедерінде таулар басым. Ең биік жері — Гаити ар-ындағы Дуарте тауы (3175 м). Жазықтар негізінен Куба, Гаити аралдарының оңт.-шығысын, Виргин және Жел өті аралдарын алып жатыр. Сөнбеген ең биік— Суфриер (1467 м.) жанартауы және 1902 ж. Мартиника ар-ндағы Сан-Пьер қаласын басып қалған Монтан-Пеле (1397 м) жанартауы осы аймақта. Аралдардың маңында Юкатан (7680 м), Кайман (7090 м), Пуэрто-Рико (8742 м) су асты шұңғымалары орналасқан. Ірі портты қалалары: Гавана, Кингстон, Саната-Доминго. А. а-нда никель мен кобальт, боксит, алюминий кентасы, мыс, хром кен орындары бар. Климаты тропиктік, ыстық ылғалды келеді. Ең салқын айдың темп-сы — 21-230 ең ыстық айдың темп-сы 26-270С. Жылдық жауын-шашын мөлш. Ық аралдарының оңт. батыс бөліктерінде 1000 мм-ден кем, ал Жел өті аралдарында 3000-5000 мм-ге дейін жетеді. Күзде аралдардың шығыс жағалауы арқылы тропиктік циклон (қарадауыл) өтеді. А. а-ның көпшілігі Куба, Гаити, Доминикан, Ямайка мемлекеттері аумағын құрайды. Қалған бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Франция мемлекеттерінің иелігінде.
Антиль аралдары ағылш. Antilles, фр. Antilles, ис. Antillas, нидер. Antillen | |
Антиль аралдары картасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 50 аса |
Ірі аралы | Куба |
Жалпы ауданы | 228 662 км² |
Ең биік нүктесі | 3087 м |
Тұрғындар (2009 жыл) | 42 000 000 адам |
Халық тығыздығы | 183,677 адам/км² |
Орналасуы | |
12°11′10″ с. е. 68°59′22″ б. б.12.18611° с. е. 68.98944° б. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Атлант мұхиты |
Елдер | Куба Гаити Доминикан Республикасы Ямайка Пуэрто-Рико |
Антиль аралдары Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.