Англия Ұлттық футбол құрамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Англия Ұлттық футбол құрама командасы (ағылш. England national football team) — Англияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Англия футбол қауымдастығының қол астында бақылауда болады. Анлия футбол қауымдастығы әлемдегі ең бірінші құрылған футбол ұйымы. 1863 жылы негізі қаланып, ол 1905 жылы ФИФА мүшесі және 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып келеді.
Тарихы
Англия Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты |
Three Lions (Үш Арыстан) | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
Футбол қауымдастығы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Питер Шилтон (125) | ||
Үздік бомбардир |
Харри Кейн (66) | ||
Үй стадионы | |||
ФИФА рейтингі |
4 (18. 07. 2024) | ||
ФИФА коды |
ENG | ||
Формасы | |||
| |||
Қатысу |
16 (бірінші 1950) | ||
Жетістіктері |
Чемпиондар, 1966 | ||
Еуропа чемпионаты | |||
Қатысу |
11 (бірінші 1968) | ||
Жетістіктері | |||
Англия құрамасы алғашқы кездесуін 1872 жылы 30 қараша күні Шотландияға қарсы өткізді. Бұл — футбол тарихындағы тұңғыш ресми матч еді. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Англияда 18 ғасырда-ақ футбол лигалары құрылып, ішкі біріншіліктер өткізіле бастады да, футбол өзге елдердегіден гөрі көп алға ілгерілеп кетті. Сол себепті да ағылшындар 1904 жылы құрылған ФИФА-ны және олар ұйымдастырған әлем чемпионатын көп жылдарға дейін мойындамай жүрді де, ФИФА-ға 1946 жылы (екінші рет, алдын да аз ғана уақыт мүше боп, қайта шығып кеткен) тіркелді.
Әлем чемпионаттарында
1950 жылғы әлем чемпионатына фаворит ретінде барғанымен, екінші турда күтпеген жерде АҚШ-тан ұтылып масқара болды. Бұдан кейінгі турнирлерде де өзгелерден оза алмай, өздерінің басқалардан артық түгі жоқ екенін біртіндеп мойындай бастады. Тек, 1966 жылы өз елінде өткен турнирде ғана әлем чемпионы атанды. Финалда: 4:2 есебімен ГФР-ді ұтты, сол ойында ағылшын футболшысы Джефф Херст үш гол соқты (Херст финалдық ойындарда хет-трик жасаған тарихтағы жалғыз футболшы).
Кейін тек екі рет қана әлем чемпионатының жартылай финалына шықты: 1990, 2018. 1990 жылы ГФР құрамасынан тек пенальтилер арқылы сүрінді де, үшінші орын үшін кездесуде Италияға жол берді — 1:2.
2018 жылы жартылай финалда Хорватиядан қосымша уақыттарда 1:2 есебімен ұтылды. Ал үшінші орын үшін ойында Бельгиядан ұтылды -— 0:2.
УЕФА Ұлттар лигасы
2018/19 жылғы Ұлттар лигасында жартылай финалда Нидерландтан 1:3 есебімен ұтылды. Үшінші орын үшін ойында Швейцарияны пенальтилер арқылы ұтты.
Еуропа чемпионаттарында
Еуропа чемпионатында екі рет қана (1968, 1996) жартылай финалға жеткен.
1996 жылы өз елінде өткен чемпионатта Германиядан пенальтилер сериясында ғана сүрінді. Ал 2000 жылы күтпеген жерде топтан шыға алмады. Топтық турнирде Португалияны 2:0, Румынияның 2:1 есептерімен ұтып тұрып жеңіліп қалды. Ал Германиямен ойындағы жалғыз жеңісі топтан шығуға көмектеспеді.
2004 жылы топтан шыққанымен, ширек финалда Португалиядан пеналтилер арқылы ұтылды. Ал 2008 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. Мүмкіндіктері болғанымен, шешуші турларда Ресей мен Хорватиядан жеңіліп қалды.
2012 жылы 1/4 финалда Италиядан, 2016 жылы 1/8 финалда Солтүстік Ирландияға есе жіберді.
Жетістіктері
- Әлем чемпионы: 1966
- Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1990, 2018
- Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1968, 1996
Құрамы
2021 жылғы Еуропа чемпионатындағы құрамы
№ | Футболшы | Клуб | Туған күні |
---|---|---|---|
Қақпашы | |||
1 | Джордан Пикфорд | Эвертон | 7 наурыз 1994 |
13 | Дин Хендерсон | Манчестер Юнайтед | 12 наурыз 1997 |
13 | Эрон Рамздейл | Шеффилд Юнайтед | 14 мамыр 1998 |
23 | Сэм Джонстон | Вест Бромвич Альбион | 25 наурыз 1993 |
Қорғаушы | |||
2 | Кайл Уокер | Манчестер Сити | 28 мамыр 1990 |
3 | Люк Шоу | Манчестер Юнайтед | 12 шілде 1995 |
5 | Джон Стоунз | Манчестер Сити | 28 мамыр 1994 |
6 | Гарри Магуайр | Манчестер Юнайтед | 5 наурыз 1993 |
12 | Киран Триппьер | Атлетико Мадрид | 19 қыркүйек 1990 |
15 | Тайрон Мингз | Астон Вилла | 13 наурыз 1993 |
16 | Конор Коуди | Вулверхэмптон Уондерерс | 25 ақпан 1993 |
21 | Бен Чилуэлл | Челси | 21 желтоқсан 1996 |
22 | Бен Уайт | Брайтон энд Хоув Альбион | 8 қазан 1997 |
24 | Рис Джеймс | Челси | 8 желтоқсан 1999 |
Жартылай қорғаушылар | |||
4 | Деклан Райс | Вест Хэм Юнайтед | 14 қаңтар 1999 |
7 | Джек Грилиш | Астон Вилла | 10 қыркүйек 1995 |
8 | Джордан Хендерсон | Ливерпуль | 17 маусым 1990 |
14 | Калвин Филлипс | Лидс Юнайтед | 2 желтоқсан 1995 |
19 | Мейсон Маунт | Челси | 10 қаңтар 1999 |
20 | Фил Фоден | Манчестер Сити | 28 мамыр 2000 |
25 | Букайо Сака | Арсенал | 5 қыркүйек 2001 |
26 | Джуд Беллингем | Боруссия (Дортмунд) | 29 маусым 2003 |
Шабуылшылар | |||
9 | Харри Кейн (к) | Тоттенхэм Хотспур | 28 шілде1993 |
10 | Рахим Стерлинг | Манчестер Сити | 8 желтоқсан 1994 |
11 | Маркус Рашфорд | Манчестер Юнайтед | 31 қазан 1997 |
17 | Джейдон Санчо | Боруссия (Дортмунд) | 25 наурыз 2000 |
18 | Доминик Калверт-Льюин | Эвертон | 16 наурыз 1997 |
Бас бапкер | |||
Гарет Саутгейт | 3 қыркүйек 1970 |
ЕВРО 2024
Құрам | Ойыншы | Жасы | Клубы |
---|---|---|---|
Қақпашылар | Джордан Пикфорд | 30 | Эвертон |
Арон Рамсдейл | 26 | Арсенал | |
Дин Хендерсон | 27 | Кристал Пэлас | |
Қорғаушылар | Кайл Уокер | 34 | Манчестер Сити |
Люк Шоу | 28 | Манчестер Юнайтед | |
Джон Стоунз | 30 | Манчестер Сити | |
Марк Гехи | 23 | Кристал Пэлас | |
Трент Александер-Арнолд | 25 | Ливерпуль | |
Киран Триппьер | 33 | Ньюкасл Юнайтед | |
Эри Конса | 26 | Астон Вилла | |
Льюис Данк | 32 | Брайтон энд Хоув Альбион | |
Джо Гомес | 27 | Ливерпуль | |
Жартылай қорғаушылар | Деклан Райс | 25 | Арсенал |
Джуд Беллингем | 20 | Реал Мадрид | |
Фил Фоден | 24 | Манчестер Сити | |
Конор Галлахер | 24 | Челси | |
Коул Палмер | 22 | Челси | |
Адам Уортон | 20 | Блэкберн Роверс | |
Кобби Мейну | 19 | Манчестер Юнайтед | |
Шабуылшылар | Букайо Сака | 22 | Арсенал |
Гарри Кейн | 30 | Бавария | |
Айван Тоуни | 28 | Брентфорд | |
Энтони Гордон | 23 | Ньюкасл Юнайтед | |
Олли Уоткинс | 28 | Астон Вилла | |
Джаррод Боуэн | 27 | Вест Хэм Юнайтед | |
Эберечи Эзе | 25 | Кристал Пэлас | |
Бапкер | Гарет Саутгейт |
Әлем чемпионаттарындағы мергендері
Ойыншы | Гол | 1950 | 1954 | 1958 | 1962 | 1966 | 1970 | 1982 | 1986 | 1990 | 1998 | 2002 | 2006 | 2010 | 2014 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Линекер, ГариГари Линекер | 10 | 6 | 4 | ||||||||||||
Херст, ДжеффриДжеффри Херст | 5 | 4 | 1 | ||||||||||||
Чарльтон, БоббиБобби Чарльтон | 4 | 1 | 3 | ||||||||||||
Оуэн, МайклМайкл Оуэн | 4 | 2 | 2 | ||||||||||||
Бекхэм, ДэвидДэвид Бекхэм | 3 | 1 | 1 | 1 | |||||||||||
Джеррард, СтивенСтивен Джеррард | 3 | 2 | 1 | ||||||||||||
Хант, РоджерРоджер Хант | 3 | 3 | |||||||||||||
Лофтхаус, НэтНэт Лофтхаус | 3 | 3 | |||||||||||||
Платт, ДэвидДэвид Платт | 3 | 3 | |||||||||||||
Броадис, ИворИвор Броадис | 2 | 2 | |||||||||||||
Финни, ТомТом Финни | 2 | 1 | 1 | ||||||||||||
Флауэрс, РонРон Флауэрс | 2 | 2 | |||||||||||||
Фрэнсис, ТреворТревор Фрэнсис | 2 | 2 | |||||||||||||
Кеван, ДерекДерек Кеван | 2 | 2 | |||||||||||||
Питерс, МартинМартин Питерс | 2 | 1 | 1 | ||||||||||||
Робсон, БрайанБрайан Робсон | 2 | 2 | |||||||||||||
Ширер, АланАлан Ширер | 2 | 2 | |||||||||||||
Андертон, ДарренДаррен Андертон | 1 | 1 | |||||||||||||
Питер Бирдсли | 1 | 1 | |||||||||||||
Кэмпбелл, СолСол Кэмпбелл | 1 | 1 | |||||||||||||
Кларк, АланАлан Кларк | 1 | 1 | |||||||||||||
Коул, ЖоЖо Коул | 1 | 1 | |||||||||||||
Крауч, ПитерПитер Крауч | 1 | 1 | |||||||||||||
Дефо, ДжермейнДжермейн Дефо | 1 | 1 | |||||||||||||
Фердинанд, РиоРио Фердинанд | 1 | 1 | |||||||||||||
Гривс, ДжиммиДжимми Гривс | 1 | 1 | |||||||||||||
Хейнс, ДжонниДжонни Хейнс | 1 | 1 | |||||||||||||
Хески, ЭмильЭмиль Хески | 1 | 1 | |||||||||||||
Хитченс, ДжерриДжерри Хитченс | 1 | 1 | |||||||||||||
Мэннион, УилфУилф Мэннион | 1 | 1 | |||||||||||||
Мэринер, ПолПол Мэринер | 1 | 1 | |||||||||||||
Мортенсен, СтэнСтэн Мортенсен | 1 | 1 | |||||||||||||
Маллен, ДжиммиДжимми Маллен | 1 | 1 | |||||||||||||
Маллери, АланАлан Маллери | 1 | 1 | |||||||||||||
Руни, УэйнУэйн Руни | 1 | 1 | |||||||||||||
Скоулз, ПолПол Скоулз | 1 | 1 | |||||||||||||
Старридж, ДэниелДэниел Старридж | 1 | 1 | |||||||||||||
Апсон, МэттьюМэттью Апсон | 1 | 1 | |||||||||||||
Уилшоу, ДэннисДэннис Уилшоу | 1 | 1 | |||||||||||||
Райт, МаркМарк Райт | 1 | 1 | |||||||||||||
Барлығы | 79 | 2 | 8 | 4 | 5 | 11 | 4 | 6 | 7 | 8 | 7 | 6 | 6 | 3 | 2 |
- Джимми Дикинсон (Бельгияға жазылған 1954)
Сiлтемелер
- Official website at the FA's website
- englandstats.com – England statistics since 1872
- England football online
- IFFHS Archive: 1872–1900, 1901–1910, 1911–1920
- Complete Results and Line-Ups