Шотландия Ұлттық футбол құрамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шотландия Ұлттық футбол құрама командасы — Халықаралық футбол жарыстарында Шотландияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Шотландия Футбол Қауымдастығы. Әлем чемпионатына 8 рет (1954, 1958, 1974, 1978, 1982, 1986, 1990, 1998) қатысқан.
Тарихы
Шотландия Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | |||
---|---|---|---|
Федерация |
Шотландия футбол қауымдастығы | ||
Бас бапкері |
Стив Кларк | ||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Кенни Далглиш (102) | ||
Үздік бомбардир |
Кенни Далглиш | ||
Үй стадионы | |||
ФИФА рейтингі |
53[1] (-1) (24 қараша 2019) | ||
ФИФА коды |
SCO | ||
Формасы | |||
| |||
Шотландия 0:0 Англия | |||
Шотландия 11:0 Ирландия | |||
Уругвай 7:0 Шотландия | |||
Әлемдегі ең бірінші боп құрылған ұлттық құрамалардың бірі. Футбол тарихындағы ең тұңғыш матчтың қатысушысы, 1872 жылы 30 қарашада Шотландияның Патрик қаласында Англия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең ойнады.
Алғаш қатысқан әлем чемпионаты Швейцария-54. Аустрия және Уругвай құрамаларымен бір топқа түсіп, сегіз гол жіберіп алуға мәжбүр болды.
70 жылдары құрама біраз күшейді. 1974 жылғы әлем чемпионатында бір рет те ұтылмаса да, топтық турнирен аспады, 1978 жылы тек қосымша көрсеткіштер арқылы турнирдің болашақ финалисі Нидерландыдан кейін топта үшінші орында қалды. Айта кетейік, Шотландия ол жолы Нидерландыны 3:2 есебімен ұтқан болатын.
1998 жылы әлем чемпионатына қатысты да, топтан оза алмады. Содан бері не әлемдік, не құрлықтық турнирлерге жолдама ала алмай келеді.
- 1930 - 1938 — Қатысқан жоқ
- 1950 — Қатысқан жоқ
- 1954 — топтық турнир
- 1958 — топтық турнир
- 1962 - 1970 — Қатысқан жоқ
- 1974 — топтық турнир
- 1978 — топтық турнир
- 1982 — топтық турнир
- 1986 — топтық турнир
- 1990 — топтық турнир
- 1994 — Қатысқан жоқ
- 1998 — топтық турнир
- 2002 - 2018 — Қатысқан жоқ
- 1960 — Қатысқан жоқ
- 1964 — Қатысқан жоқ
- 1968-1988 — Қатысқан жоқ
- 1992 — топтық турнир
- 1996 — топтық турнир
- 2000—2016 — Қатысқан жоқ
Дереккөздер
Сілтемелер
- Шотланд Футбол Қауымдастығы (ағыл.)
- Барлық ойындары Мұрағатталған 24 қазанның 2018 жылы. (орыс.)