Блэкберн Роверс
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Блэкберн Роверс» (ағылш. Blackburn Rovers FC) — Англияның Блэкберн қаласындағы футбол клубы. 1875 жылы құрылған, 1888 жылы Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12 клубтың бірі болды. Өз алаңындағы ойындарын "Ивуд Парк" стадионында өткізеді. Клуб қазір Англияның екінші дивизионында ойнайды.