Алтын тамыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea) — ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.
Қызғылт семізот немесе Алтын тамыр | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Берлин Ботаникалық бағындағы гүлдеп тұрған Қызғылт семізот
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде , өзен аңғарлары мен жағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлімінен Альпі белдеуіне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударлық шіліктер құрайды.
Тамырының құрамында көмірсулар , органиқалық қышқылдар , иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жерсіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.