From Wikipedia, the free encyclopedia
Маралшөп тамыры (лат. Rhaponticum carthamoides) — күрделігүлділер тұқымдасы маралшөп туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Маралшөп тамыры | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Rhaponticum carthamoides |
Сібір халықтары маралшөп тамырын ұзаққа созылған аурудан әлсірегенде, жалпы күш кемігенде қуаттандыратын дәрі ретінде қолданып келген. Сондықтан да олар бұл өсімдікті кісіні он төрт аурудан айықтыратын, жасартатын дәрі деп есептеген. Бұғылар осы шөптің тамырын тұяқтарымен қазып алып жейтін болғандықтан, халық арасында бұл өсімідік "марал шөп", "марал тамыры" деп аталып кеткен.
Дәрілік мақсатқа маралшөптің тамыры мен тамыр сабағын тамыз-қыркүйек айында жинап алады. Оның құрамында эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, каротин және инулин бар. Соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесінде маралшөп тамырының қанның қысымын көтеріп, орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартатындығы, кісінің әл-қуатын қалпына келтіріп, шаршағандығын басатындығы анықталды. Өсімідік тамырының спиртті тұнбасын 20 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Емдеу мерзімі 2-3 апта.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.