Өзенмұнайгаз

кәсіпорын From Wikipedia, the free encyclopedia

Өзенмұнайгаз — қазақстандық мұнай және газ өндіруші кәсіпорыны.

Тарихы

Quick Facts Түрі, Құрылды ...
«ӨзенМұнайГаз» АҚ
Түрі

Ұлттық компания

Құрылды

1965

Орналасуы

 Қазақстан, Жаңаөзен

Саласы

Мұнай мен газды шығару, өңдеу және тасымалдау

Басшы компания

«Қазмұнайгаз» АҚ ҰК

Сайты

kmg.kz

Close

1961 жылы ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады.

1966 жылы 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді.

1994 жылы қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды.

2004 жылы «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды. «Өзен» бірлестігінің бас директоры болып Ж.Жанғазиев тағайындалды.

Иеленушілері

Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі.

Көрсеткіштері мен құрамы

Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001).

Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды.[1]

Дереккөздер

  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.